$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Арыста оқ-дәрі қоймасы жойылады,- ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Б. Құрманбаев

AstanaTV
26.06.2019ж. 20:00
2368
Арыста оқ-дәрі қоймасы жойылады,- ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Б. Құрманбаев

Арыста оқ-дәрі қоймасы болмайды. Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев осылай деп мәлімдеді. Ал қалада шашылып жатқан снарядтардан жақын арада тазартылмақ. Қазір 22 минасыздандыру тобы жұмыс істеп жатыр. Толығырақ Әлішер Өмірзақ жалғастырады. 

Ай-күннің аманында соғыстың тап ортасында оянған жұртқа психолог қажет. Арыстан эвакуацияланғандарға көмсек көрсету үшін осы мамандар жетіспей жатқан көрінеді.

Раиса ШЕР, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: 

Бір жерде ересектерге психолог жетіспейді, біз осының бәрін Білім министрі мен жергілікті қызметтерге айтамыз. Барлығын бақылап отыру мүмкін емес қой, сондықтан көмектесіп жатырмыз. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін министрлікте арнайы штаб құрылды. Қазір 20 психолог келуі қажет.

Қаланы снярадтардан тазартуға жұмылдырылған 22 топ осы уақытқа дейін 500-ге жуық оқ-дәрі тапқан. Дегенмен, аймаққа кіру әлі де қауіпті.  

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүгін тұрғындарды қайта үйіне кіргізуді ойлағанбыз. Бірақ қауіп әлі де сейілмеген соң тоқтаттық. 

Жарылыс болған күні аспанды көк түтін жайлады, деп әлеуметтік желіде шулаған елдің қарасы көп болды. Бас санитар бұл сұрақтың нүктесін қою үшін ертең Арысқа зертханамен жабдықталған көлік жеткізілетінін айтты.   

Жандарбек БЕКШИН, ҚР БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Қазір адамдардың көбі қан қысымына шағымданды. Барлығына тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Ертең біздің жылжымалы бактериологиялық зертхана қалаға жетеді. Бұл зертханалар химиялық заттарды индикациялау, радиациялық жағдайды бақылау бойынша жұмыс істейді. Тұрғындар қалаға кірместен бұрын барлық қажетті зерттеулерді жүргіземіз.

Осыған дейін 3 рет өртке оранған оқ-дәрі қоймасындағы бұл соңғы жарылыс болады. Осылай деген Қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев қойманың жойылатынын жеткізді.  

Бақыт ҚҰРМАНБАЕВ, ҚОРҒАНЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ:  

Үш тәулік ішінде снаряд сынықтарын жинау жұмыстарын аяқтау керек. Өрт себептерін тергеу тобы анықтайды, олар қазір осы мәселемен айналысып жатыр. Ал оқ-дәрі қоймасын алдағы уақытта жояды. Қоймалар болмайды.

Дегенмен бұл тұрғындарға жақын орналасқан елдегі жалғыз ғана қойма емес. Бірақ бұған дейін президент 60-шы жылдардан бері Арыс халқын үрей құшағында ұстаған қаланы түгел дерлік жарылғыш заттардан тазартуды тапсырған болатын.   

Ә. Өмірзақ