$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ШҚО 230 көп балалы отбасы баспаналы болды

AstanaTV
27.06.2019ж. 20:00
2760
ШҚО 230 көп балалы отбасы баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысында 230 отбасы баспаналы болды. Бұған 558 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Жергілікті әкімдіктің дерегінше, бұл қаражат бюджеттен бөлінбеген. Демеушілердің ақшасы. Игі бастаманың екінші кезеңі шілде айында жүзеге аспақ. Бағдарламаға ілігетін 309 көп балалы отбасы бар. Қазір комиссия мүшелері оларға баспана таңдап жатыр. Үй «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарлама аясында алынады. Көп балалы отбасылардың әрқайсысына 1 миллион теңгелік сертификаттар берілмек. Олар он миллион теңгеге дейін ипотекалық несиені жиырма жылға екі пайыздық мөлшерлемемен рәсімдей алады. 

Анар СҮЛЕЙМЕНОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:   

Алып жатқанда комиссия мүшелері шығады, қарайды ұнай ма, ұнамай ма деген, керек оған деген. Егер ұнама басқа үй қарап жатыр. Ұнаса пәтерді өз атына шығарып, өз атынан алып жатыр.

З. Санай