Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Арыстан елордаға жеткізілген екі бүлдіршіннің жағдайы әлі де ауыр

AstanaTV
28.06.2019ж. 20:00
1621
Арыстан елордаға жеткізілген екі бүлдіршіннің жағдайы әлі де ауыр

Арыстағы жарылыс кезінде зардап шеккендерге қатысты тағы бір ақпарат. Санавиациямен елордаға жеткізілген екі бүлдіршіннің жағдайы әлі де ауыр. Олар қазір жансақтау бөлімінде. Қазір астаналық ақ халаттылар күрделі ота жасалуға дайындалып жатыр. Бұл туралы арнамызға телефон арқылы жаңа ғана сұхбат берген нөмірі екінші балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмайылов мәлімдеді.

Біржан ДОСМАЙЫЛОВ, №2 БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: 

Бір баланың жағдайы тым нашар. Бала бас-ми жарақатын алған. Дәрігерлер диагностика жасап жатырмыз. Ұлттық нейрохирургиялық орталық мамандары да жұмылдырылады. Екінші бала нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Екі баланың да жағдайын жақсарту үшін мамандар барын салып жатыр.

Н. Біләл