Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордада Үркер 2019 ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

AstanaTV
28.06.2019ж. 20:00
2533
Елордада Үркер 2019 ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада Үркер 2019 ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында үздік журналистер анықталды. Биыл байқау 11 номинация бойынша өткен. Бастамашы - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. 

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Бұл тек марапат қана емес, көңілдің, жұмыстың нәтижесі деп білсе де болады. Сондықтан мұндай шаралардың маңыздылығы өте жоғары. Журналистер өз еңбегінің жемісін көреді деген сенімдемін. 

Шарада репортаж, сұхбат, фоторепортаж, журналистік зерттеу, танымдық хабар жанрларындағы үздік шыққан радио және баспасөз басылымдары тілшілеріне қаржылай сыйлық табысталды. «Нұр Медиа» холдингіне қарасты «Литер» газетінің тілшісі Жанна Ойшыбаева «Жылдың үздік сұхбаты» аталымын жеңіп алды.  

А. Тіленшиев