Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қаржы саласының мамандары теңге бағамы мен мұнай құнына қатысты болжам жасады

Қаржы саласының мамандары теңге бағамы мен мұнай құнына қатысты болжам жасады

Қазанда теңге бағамы 335 теңгеге тұрақтаса, қара алтынның құны 57-58 доллар шамасында болады. Сарапшылардың бұл болжамын Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жариялады. Мамандар тіпті базалық мөлшерлеме 10 пайызға түседі деген болжам жасап отырған көрінеді.

Ұлттық банк бұған қатысты шешімін 27-ші қарашада жариялайды. Ресей рублін АҚШ ақшасына шаққандағы жорамал 58 доллар шамасында. Ал теңгеге шаққандағы рубль 5,8-ден аспайтын көрінеді. Сарапшылар бір доллар 335 теңге төңірегінде тұрақтағанымен, жыл соңына қарай 339,3 теңгеге дейін өседі деген болжам жасайды. Сауалнамаға қаржы нарығындағы 27 кәсіби маман қатысқан.