Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Маңғыстаулық кәсіпкерлер шенеуніктердің кесірінен зардап шегіп отыр

Маңғыстаулық кәсіпкерлер шенеуніктердің кесірінен зардап шегіп отыр

Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр аулының тұрғындары жергілікті шенеуніктердің кесірінен зиян шегіп отыр. Олардың сөзінше, бұдан бес жыл бұрын ауылдықтарға 180 жер телімі коммерциялық мақсатқа пайдалануға берілген. Енді прокуратура бұл жер заңсыз деп тапқан.

Жиылған тұрғындар Ақшұқыр әкімдігі берген құжаттарды дәлел ретінде көрсетті. Тиісті рұқсатын алғасын, құрылысқа кірісіп, мейрамханалар мен жанармай құю бекеттері салынады. Жер бөлімінің ісінен кінәрат тапқан аудандық прокуратура енді бұл жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтармақ.

Асқар ЖЕКСЕНҒАЛИЕВ, АҚШҰҚЫР АУЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Түпқараған аудандық сотының айтуынша, 202 участок сотқа тапсырылған. Сол 202 участоктың барлығы да заңсыз алынған емес деп ойлаймын. Бәрінің де заң бойынша документтері тапсырылған. Бірақ бұл күнде үкімет заңсыз деп тартып алып жатыр. Біз жақсы, енді оған қарсы емеспіз, жерімізді береміз. Бірақ шығынымызды кім өтейді? Кімді енді жазалаймыз?

Жер дауына себепкер болған шенеунікке қызмет бабын асыра пайдаланды деп айып тағылыпты. Оның ешқандай аукцион мен байқау ұйымдастырмастан, жер телімдерін жалға бергені анықталды. Әрбір жердің кадастрлық құны 22 миллион теңге көлемінде.

Айсағали НҰҒМАНОВ, АҚШҰҚЫР АУЛЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Мен 2017 жылдан бері ауыл әкімі болып қызмет істеймін. Былтырдан бері +сот әкімдікті де жауапқа беріп жатыр, біз де жауапкерміз. Тұрғын кәсіпкердің өтінішімен берілді. Сот жер комиссиясының хаттамасы дұрыс емес, шыққан шешім заңсыз деп бұзып жатыр.

Ісі сотқа түскен 170 жер телімінің 38-і сот шешімімен мемлекет меншігіне кері қайтарылған. Ал қалған жер иелері даулы істің тоқтатылуын талап етіп отыр. Әйтпесе жоғарыға шағымданып, тіпті ел президентіне де шағым түсірмек. 

Е. Карин