Негізгі / Жаңалықтар / Қызылордалық шаруашылықтар егін суаратын суға жарымай отыр

Қызылордалық шаруашылықтар егін суаратын суға жарымай отыр

Қызылорда облысындағы бірнеше ауыл егістік суына жарымай отыр. Өйткені дренаж жүйесі мен жер суару каналдары бітеліп қалған. Инвесторлар арықтарды қалпына келтіруге дайын. Бірақ ол қаражаттың қайтарылатынына кепілдік сұрап отыр. 

Жанат НӘЛІБАЕВА, АЙДАРЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Енді біздің тірлігіміз осылай, аяқ судың болмағандығынан әркім өзі жердің астынан суды шығарып, насоспен. Шарасыздан жасап отқан нәрсеміз.

Егістік суының тапшылығына үш жылдай болған. Өйткені арықтар мен дренаж жүйесі бітеліп қалған. Жұрт соның кесірінен егіс алқаптарының көп бөлігі бос жатқанын айтады. Тәжірибелі бригадир Әбдіғали Әбсаттаров егіс алқабының бұлай пайдасыз жатуы жердің тозуына әкеледі дейді. 

Әбдіғали ӘБСАТТАРОВ, БРИГАДИР:  

Жеріміз жетеді бізде, 8 мың гектар пайдын үлесіндегі жер бар халықтын. Соны су болмағаннан кейін игере алмай отырмыз. Мысалы, 100 гектар жонышқалығы үш жылдан бері құрғап қалды. Аудан әкімінде болдық, барлығын жағалап шықтық көктемнен бері. Бірақ ол жақтан тұжырымды жауап ала алмадық.

Тыныштық ӘБСАДЫҚОВ, АЙДАРЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Каналдарымыздын бәрі бітеліп қалды. Елге келетін Ақарық деген каналымыз бар. Ол қазылмай тұр. Соны егер бізге қазып, жеткізіп берсе, елге де, егісітікке де бәріне де су толық жететіндей мүмкіндігі бар. Сол бақша, картоп, қауын, соңдайды егіп, күздің күні базарға апарып, шығарып, сатады. Сол ақшасымен ел күн көреді, басқа мүмкіндік жоқ. Ағаштардың бәрі қурады, елдің алды көшіп жатыр.)

Бесарық ауылы да бұған дейін су тапшылығын тарқан еді. Алайда инвестор барлық үш арықты өз қаржысына тазалап, гүлденіп шыға келді.   

Мырзан КІШКЕНБАЕВ, БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Бердібек Мыханов деген азамат, соған барып, өтініш айтып, бізге инвестор бол деп осы ауылға сонымен әкеліп, біздің Бесарық ауылына 22 километр жерге канал қазылды. Биылғы 2019 жылдың өзінде қазір 100 гектардың үстінде жонышқа, 100 гектардің үстінде бақшалық өнімдер егіліп, жұмыс жасап жатыр. Үш тоспа салынды.

Сумен қамту және дренаж бен суару каналы жүйесін тиімді пайдалану жобасын өзге кәсіпкерлер де қолға алуға дайын,- дейді әкімдіктегілер. Бірақ оларға салған қаржыны біртіндеп қайтаруға немесе субсидиалауға кепіл керек. 

Қайрат ЖАНСҰЛТАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒИТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  

2018 жылы 28 желтоқсанда үкіметтен суармалы жерлерді дамыту іс-шара жоспары бекітілді. 96 мың гектарды сол жобаға енгізіп отырмыз. Үстіміздегі жылы «Мелиоратор» ЖШС пилоттық жоба ретінде Бесарық ауылдық округінде мың гектарға жуық жерді айналымға қосу бойынша жұмыстарды бастап отыр. Ал енді оның қайтару механизімі мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы қаржыландыру тетігі су ресурстар комитетімен әзірленуде.

Әрбір суару каналы мен дренаж жүйесінің қазіргі жағдайы анықталады. Болашақта олардың көпшілігін қалпына келтіріп, күтіп ұстайтын кәсіпкердің жауапкершілігіне беруі мүмкін.  

Б. Нәдірқызы