Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Демалыс күндері бірқатар аймақта күн суытады

AstanaTV
19.07.2019ж. 20:00
3003
Демалыс күндері бірқатар аймақта күн суытады

Демалыс күндері бірқатар аймақта күн суытады. Жауын жауып, найзағай ойнап, тіпті қатты жел тұрып, бұршақ түсуі мүмкін. Синоптиктердің бұл болжамы оңтүстік аймақтарға қатысты емес. Онда 45 градусқа дейінгі ыстық сақталады. Ал астаналық балалар шілденің шіліңгірінде субұрқаққа түсуді әдетке айналдырды. Бірі үстіндегі киімімен түссе, енді бірі шомылатын костюмдерін ала келген. Ал ата-аналар балаларының гаджеттерден қол үзгеніне мәз-майрам.