Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Орталық коммуникациялар қызметі Президенттің тікелей қарамағына өтті

AstanaTV
22.07.2019ж. 20:00
2081
Орталық коммуникациялар қызметі Президенттің тікелей қарамағына өтті

Бүгіннен бастап Орталық коммуникациялар қызметі Президенттің тікелей қарамағына өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық мемлекеттік мекемені құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ал оның директоры қызметіне Талғат Қалиев тағайындалды. Ол бұған дейін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын басқарған. Әрі жақында ғана Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кірген еді. Бұдан бөлек, Аида Балаева Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл лауазымда бұған дейін отырған Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болды. Айтпақшы, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгіннен бастап қысқа мерзімді демалысқа шықты. Президент бұл күндерді Каспий жағасындағы "Кендірлі" курортында өткізбек. 

А. Бектас