Тальгодағы әйел зорлығына қатысты сот үкіміне наразы жұрт Президент, Бас прокуратура мен Парламентке петиция жолдады. Белсенділер зорлауды ауыр қылмыс санатына жатқызуы сұрайды. Оған қоса, зорлық-зомбылық жасағандардың атын атып, түсін түстеп ашық жария ету керегін талап етіп отыр. Петицияға 1,5 мың адам қол қойған. Ол 5 мыңға жеткен күні Құзырлы органдар талаптарды қарауға міндетті. Қоғамдық резонанс туғызған іс қазір қалай өрбіп жатыр? Тілші тарқатады.
Тальгода болған сұмдықты көпшілікке жария еткен осы Дина Смаилова, "Не молчи" қозғалысының жетекшісі. Әупірімдеп істі сотқа жеткізген еді. Үкімді естігенде есеңгіреп қалған.
Дина СМАИЛОВА, «НЕ МОЛЧИ.KZ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Апелляцию мы будем подавать однозначно. Кроме апелляции, будет еще несколько судебных исков в адрес родственников, потому что идет клевета в массовом порядке. Мы тоже будем судиться.
Адам зорлаған қылмыскерлерге 2,5 жыл жаза кесу, қоғамдық резонос туғызды. Белсенді заңгерлерден бастап, сот шешіміне қарапайым адамдар да қарсы шыға бастады. Еліміздің Бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов "Қостанай көлік прокуратурасымен үкімді өзгерту және сотталғандарға қатысты неғұрлым қатаң жаза қолдану туралы апелляциялық өтініш сотқа енгізілді", деп Фейсбукте жазды. Одан бұрын прокурор 6,6 жыл жаза кесуді сұрады, алайда сот басқа шешім шығарды деп, ақталғандай болған.
Бас көлік прокуратурасы "Нұрлы жол - Ақтөбе" бағытындағы №98 пойыз вагонында болған жолаушыны зорлау дерегі бойынша қылмыстық іске қатысты сот жарыссөзі барысында прокурор айыптауды толық көлемде қолдап, кінәлі адамдарды 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұрағанын хабарлайды. Сот өзге шешім қабылдады. Қазіргі кезде сот үкімінің заңдылығы мен негізділігі зерделенуде.
Сөйтіп, судья Оразбай Сатыбалдының әрекетін түсінбегендер көп. Тағы бір қынжылтатыны, әлеуметтік желіде жәбірленуші әйелдің өзі кінәлі деген сарында айыптаулар айтылып жатты. Кез келген қылмысқа төзбеушілік, туралы түсінік қоғамның өзінен батау алса қане. Әйтпесе, әлімжеттік жасайтындар көбеймесе, азаймайды.
Дина СМАИЛОВА, «НЕ МОЛЧИ. KZ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Жәбірленуші 11 ай өмірін жоғалтты. Қазір де жағдайы мәз емес. Ауыр депрессияға түскен. Оны емдеуге, ұмытуға кем дегенде 10 жыл керек. Ортаны өзгерту керек. Тіпті елден көшіп кетуі де ықтимал.
Еске салсақ, "Нұр-Сұлтан-Ақтөбе" бағытындағы поездың екі бірдей жолсерігі таңғы 4-те жолаушы әйелді зорлаған. Шошынған жолаушының тұншығып, дауысы да шықпай қалғанын "Не молчи" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Фейсбукте жариялаған. Айта кетейік, Қазақстанда 2017 жылы 384 әйел зорлық көрсе, былтыр 9 ай ішінде 914 әйел зардап шеккен. ТМД елдері ішінде осындай қылмыс көбіне Қазақстанда тіркеледі. Бейресми деректер елде әр онынышы әйел зорлық-зомбылық құрбаны деп жүр.
М. Дюсекина