$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде лагерь тәлімгері азғындыққа барды деп айыпталып отыр

AstanaTV
30.07.2019ж. 20:00
8081
Ақтөбеде лагерь тәлімгері азғындыққа барды деп айыпталып отыр

Ақтөбедегі лагерьден шу шуқты. «Ақбөбек-Восток» тәлімгері азғындық жасады деген күдікке іліккен. Оның үстінен жеті бірдей баланың ата-анасы полицияға арызданды. Қазіргі кезде арнайы комиссия жұмыс жасап, лагердегі мән-жай анықталып жатыр.

Жасұлан ДӘУЛЕМБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:  

Кәмелетке толмағандарды азғындыққа итермелеу бұл жерде болды ма болма да ма қазіргі күні анықталып жатыр. Алматы ауданы полициясымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы тексеру барысында барлық жағдай анықталатын болады. Бұл істі прокуратура қатаң бақылауға алатын болады.

Қазіргі күні ер балалар тобына жетекшілік еткен 22 жастағы тәлімгер жігіт жұмыстан босатылған. Ол Астанадағы жоғарғы оқу орнының бірінің студенті екен. Қазіргі кезде үйінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алған.

Райхан НҰРҒОЖАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  

10-12 жас аралығындағы балалар. Негізі балаларды тәрбиеші би кешіне жібермеген. Біз барғанда бізге жеке бала бақшаның аға тәрбиешісінің айтқаны осы. Ал балалар сосын мені ұрды деп айтқан бізге осылай айтылды. Азғындық туралы мәселе бізге түскен жоқ. 

Б. Рахметова