$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Арыста зардап шеккен 8 жасар бала қаза тапты

AstanaTV
02.08.2019ж. 20:00
2272
Арыста зардап шеккен 8 жасар бала қаза тапты

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен бүлдіршін бүгін жан тапсырды. Санавиация арқылы Нұр-Сұлтан қаласының №2-ші балалар ауруханасына жеткізілген 8 жасар Аян Шәріпов бір ай бойы жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан. Арыстағы төтенше жағдай кезінде бала қауіпсіз жерге бет алған көліктер соқтығысынан ауыр зақымданған. Марқұм бас-ми жарақатымен 24-ші шілде күні Шымкенттегі ауруханаға түскен. Кейін баланы санавияция бас қалаға жедел түрде жеткізді. Дәрігерлер жасаған ем-дом нәтиже бермеді. Баланы аман алып қалу үшін тіпті шетелдік мамандар да тартылған көрінеді.

Айгерім ЛЕБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Барлық профессорлардың нейрохирургтардың консультациясында болып, Москва қаласынан келген нейрохирургтың консультациясын алған болатын. Баланы құтқару үшін барлық жағдай жасалды. Дегенмен де бүгін сағат 9 бала қайтыс болды.

Арыстағы апат екі әскери қызметкер мен бір тұрғынның өмірін жалмаған еді. Бейбіт күнде бүлдіршін өмірін қиған жағдайдың себебін құзырлы органдар әлі күнге дейін анықтап жатыр.     

Н. Біләл