$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елде алдағы үш күнде күн суытады

AstanaTV
07.08.2019ж. 20:00
2573
Елде алдағы үш күнде күн суытады

Аптап ыстықтан Жапонияда бір аптада 60 адам қаза тапты. Жергілікті метеоқызмет өкілдері бұл соңғы 10 жылда өлім-жітім көп болған екінші шіліңгір жаз деп отыр. Ауа температурасы +45-ке жеткен Қазақстанда адам өлімі тіркелмеген. Аптап ыстықтың беті қашан қайтады? Тілші материалында. 

Балмұздақ, кондиционер, фонтан. Өскемендіктер аптап ыстықтан сақтанудың түрлі жолын біледі. Бірақ шіліңгір жаздан ағаштар сарғайып, қурап жатыр. Шығыста бір айдан бері жаңбыр жаумапты. Қыстың қаһарынан қысылып шығатын жұрт, енді аптап ыстықтың зардабын тартып оттыр. Қазір мұнда ауа температурасы +38 градус.

- Вот такие желтые листья у нас в августе. Я не знаю, очень сильная жара. Листья опадают. Все сохнет у нас. С июня не было дождей вообще.  

Ал оңтүстікте күн тіпті күйіп тұр. Қызылордада термометр бағамы +45 градусқа жеткен. Синоптиктердің айтуынша, мұның өзі қалыпты температурадан жоғары. Дегенмен ешбір аймақта қауіпті деңгейге жетпеген. Төтенше жағдайдың көкесі еуропа елдерінде. Copernicus климаттың өзгеруі еуропалық қызметінің мәліметінше, өткен ай метеобақылау тарихында тіркелген ең ыстық жаз. Жапониядағы аптап рекордтық көрсеткішке жете-ғабыл. Табиғаттың мұндай құбылысынан 18 мың адам зардап шеккен. Келер жылы Олимпиада ойындары Токиода өтеді. Сондықтан кейбір марафондар таңғы уақытқа жоспарлануы мүмкін.   

Ясуо МУРАЯМА, СПОРТШЫ:

Келер жылы осындай ыстық болады деп ойлаймын. Сондықтан Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар осыны ескеруі керек. Бақытсыз жағдайлар болмас үшін спортшыларға қатысты шешімдер қабылданды, енді логистика жағынан дайындық қажет.

Жапониядағы аптаптың беті қайтар емес. Ал елдегі ыстық ертеңнен бастап бәсеңдейді. Циклонның әсерінен Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болып, ол бірқатар аймаққа жетпек.    

Лаура САЙЛЫБАЕВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» АҚ ҚЫСҚА МЕРЗІМГЕ БЕРІЛГЕН БОЛЖАМДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: 

Республиканың басым бөлігінде алдағы күндері кей жерлерде жаңбыр жауып, шығыс аймақтарда қатты жауын жауады. Және найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік аймақтарда ауа температурасы 25 градусқа, оңтүстікте 35 ыстықты құрайды.

Дегенмен ауа температурасының 7-8 градусқа төмендеуі уақытша ғана. Синоптиктер тамыздың ортасына қарай тағы да күн ысиды деп болжайды.  

Г. Меңдеева