$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда мемлекеттік бағдарламамен берілген үйде су жоқ

AstanaTV
26.08.2019ж. 20:00
2675
Алматыда мемлекеттік бағдарламамен берілген үйде су жоқ

Алматыда Шұғыла шағын ауданының тұрғындары шу шығарды. Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйлерде ыстық су мен суық су жоқ. Кейбіреуіне көгілдір отын да тартылмапты. Халық коммуналдық мәселені уақытында шешпеген мердігер компанияға талай рет шағымданыпты. Бірақ олар бар мәселені пәтер иелері кооперативіне сілтейтін көрінеді. Тілші жалғастырады. 

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Мына Шұғыла ықшам ауданындағы көпқабатты үйлерге тұрғындар былтыр қоныстана бастаған. Олардың көбі мемлекеттік бағдарламамен баспана алғандар. Ешқандай коммуналдық құрылымы жоқ үйлерде тұрып жатқан жұрт берекеміз қашты шағымдануда.

- Жету күннің екі күнінде бізде су болса, қалған күндерінде бізде су болмайды

Бес баланың анасы Айжан Дүйсекенова пәтеріне осыдан жарты жыл бұрын көшіп келген. Келіншек мемлекеттік бағдарлама арқылы қолжеткізген баспанамның сиқы мынау дейді.

Айжан ДҮЙСЕКЕНОВА, ЫҚША МАУДАН ТҰРҒЫНЫ:

Басында ондай болған жоқ. Біз ыстық суды уже 2 айдан асты көрмедік ыстық су жоқ. Суық су аптасына екі күн берсе қалған күндері жоқ. Сосын подьезд жиналмайды, жуылмайды. Туалеттен жағымсыз иіс шығады, бүткіл үйдің ішінен.

Сондай-ақ пәтерлердің сыртында қараусыз жатқан электр кабелдері көп. Тұрғындар аула ішінде шұбатылып жатқан сымдарды балалар ұстап ала ма деп те қорқады.

Асылгүл ӘБДІРАХМАНОВА, ЫҚШАМ АУДАН ТҰРҒЫНЫ:

Мыналар тоқ, жіберейік десек балаларды қорқамыз. Токқа түсіп қала ма деп. 01/10 бәрі ашық жатыр. 01/28 пока біреу өлмей, біреу бірбәле болмай ешкім келмейді бұл жерге.

Ерлан БӨРІТКЕНОВ, ЫҚШАМ АУДАН ТҰРҒЫНЫ:

КСК-ға, құрылыс компаниясына қанша айттық ешкім құлақ аспайды.01/37 подвал суға толған, асты түгел қанша рет айттық ешкім суды сормайды. Подъезд жуылмайды, көше сыпырылмайды.

Мұнда ыстық су тарифі 480 теңге, ал суық су 200 теңгеге жуық. Құрылысты жүргізген мердігер компания басшысы коммуналдық жұмыстарға өздерінің жауапты еместігін айтқан. Ал жергілікті әкімдік жағдайды бақылауда ұстап отырмыз дейді

Жандос ТАҚЫБАЕВ, НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Ықшам аудандағы жағдай қазіргі таңда әкімдіктіктің қарауында. Су құбырлары толығымен жөндеуден өткізіледі, ескілерін жаңартамыз. Мұндағы барлық келеңсіздіктер қазан айына дейін толығымен шешіледі.

Ал оған дейін тұрғындарға тіршілік нәрін алыстан тасып не үнемдеп пайдалануына тура келеді.

Ә. Лесбек