Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «екі сиыр» туралы мысалынан кейін халық арасында «мүмкін бе?!» деген сұрақ туды. Бірі мүмкін емес десе, келесісі еңбек етсең ебін табуға болады десті. Бірақ тілшілеріміз ешкімге алақан жаймайтын көпбалалы отбасылар бар екенін де анықтады.
Көпбалалы Әлжановтар отбасы бала-шағаны жастайынан еңбекке баулу қажет, дейді. Жанұя мүшелерінің бірі егінші болса, бірі мал шарушылығымен айналысады.
Нұрсұлтан ӘЛЖАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Ертелі - кеш осы малдын жем-шөбі. Бұларға қарасан тек етте, сүтте, майда болады, нанда болады, әйтеуір.
Отбасы сиырдан сүт өнімін алсақ, бау-бақшадан шыққан көкөністерді жазда да, қыста да азық етеміз дейді.
Айымкүл АБАШЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Ешқашанда енемізде, өзімізде пособия алған емеспіз, бізге қажет те емес. Жерден өзіміздің огурцымызды, помидорымызды басып жатырмыз. Малдан, Құдайға шүкір, ағарғанымызды ішіп жатырмыз. Қатығымызды, сүтімізді, айранымызды. Оны сатып та жатырмыз. Естіп жатырмыз, жұрт 150 мың, 200 мыңға дейін пособия алып жатырмыз деп. Өзім ана ретінде ойлаймын, сол ақшаға мен өз басым сиыр сатып алар едім.
Ардагерлер болса, жас отбасылардың бар мүмкіндікті пайдалануға кеңес береді. Өйткені қазіргі заманда еріншек қана аш қалады деп есептейді.
Өтепберген ЖАНПЕИІСОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Ата-бабаларымыздың бәрі ешкімге арқа сүйеген жоқ. Бәрі балаларын өздері жеткізді, өсірді, оқытты, тіршілікке үйретіп, баулыды. Соның бәрі ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз. Қазақ халқы өте еңбеккер халық, өзінің маңдай терімен ақша тауып, өзінің маңдай терімен тіршілігін жасайтын халық. Егін екті, мал бақты, асырады.
Павлодарлық көп балалы ана Марина Калинина ешкімге алақан жаймайтынын айтады. Күйеуінен айырылса да сынбаған. Бүгін ержеткен балалары жұмыс істеп жүр.
Марина КАЛИНИНА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Балаларым іске өте жауапты. Олар маған көмектесіп тұрады. Ешқандай жұмыстан қорыққан емес. Еңбек етуге дайын. Тіпті көршілерім де менің балаларымның еңбекқор екенін біледі.
«Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің өкілі жағдайы төмен отбасылар дамыған мемлекеттерде де бар екенін айтады.
Гүлнар ИСАҚАНОВА, «ҚЫЗЫЛ АЙ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПОФ ТӨРАЙЫМЫ:
Адам өз-өзін қамшылап, қандай да бір жағдайдан шығуға тырысса, міндетті түрде мәселесі шешіледі. Ондай адамға айналадағылардың барлығы да көмегін аямайды. Өйткені, тірлік етуге тырысқан адамға шығар жол көп.
Талап болса, жұмыс та табылады. Елде сұранысқа ие мамандықтар баршылық. Бірақ оны игеріп алғысы келетіндерден гөрі біреуден көмек сұрайтындар баршылық.
Ә. Өмірзақ