Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шымкентте үш жасар бала кір жуғышқа қыстырылып қалды

AstanaTV
17.09.2019ж. 20:00
2343
Шымкентте үш жасар бала кір жуғышқа қыстырылып қалды

Шымкентте үш жасар бала кір жуатын машинаға кептеліп, өздігінен шыға алмай қалды. Ата-анасы да өздері шығарып алмақ болғанмен, бұл әрекетінен түк шықпапты. Ақыр соңында арнайы мамандар көмегіне жүгінді. 

Құтқарушылар арнайы темір кескіш құралды пайдаланған. Өйткені балақай машинаның кір сығатын бөлігіне отырған күйі, қозғала алмай кептеліп қалған. Мамандар балаға зақым келтірмеу үшін ыждағаттылық танытып, арада 14 минут өткенде оны босатып алды. Баланың анасы бәрі қас пен көздің арасында болғанын айтады. Оның айтуынша істен шыққан машинаны жуырда сыртқа шығарып қойған. Қос ұлы соның айналасында ойнап жүргенін көрген. Бір айналып келгенде, кіші ұлының қастырылып қалғанын байқаған.

Зарипа ТҰРЫСБЕКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАС МАМАНЫ:  

Тар болғандықтан егер де жас бала сол жерде көп болатын болса әрине ол баланың денсаулығына бірқатар зиян келуі мүмкін еді. Бұл жерде ата-анасының да жедел ден қойғанын да атап өту керек. Лезде құтқарушыларға хабар беріп, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

А. Төребекқызы