Арыстағы қару-жарақты жою жұмыстары кезінде тағы да жарылыс болып, он адам жараланды. Сенбі күні госпитальға жеткізілгендердің ішінде үш әскери қызетшінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр. Оқ-дәрілер қаладан тыс арнайы аумақта жойылып жатқанымен шошынған халықтың көңілі әлі де күпті.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Сенбі күнгі жарылыс оқ-дәрілерді жою кезінде болған. Қазір оның нақты себебін арнайы тергеу тобы анықтауда. Бізге белгілісі жарылыс қаладан тысқары, арнайы полигонда болған.
Жараланған әскери қызметшілердің барлығы жедел госпитальға жеткізілген. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деді қорғаныс министрі.
Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:
10 әскери қызметшінің ішінде 3-еуінің жағдайы ауыр болып бағаланады. Біреуінің жағдайы орташа ауыр. 6-ауының жағдайы қанағаттанарлық. Бірақ олардың бәрі өз есінде, жағдайы тұрақты. Оқ-дәрілердің фрагменттері әскери бөлім сыртында жоқ. Анда-санда бір-екеуі бірақ жарылмайтын фрагменттері табылуы мүмкін. Бірақ әскери бөлімнің ішінде оқ-дәрілердің фрагменттер көп, нақты санын айта алмаймын.
Нұрлан Ермекбаев жергілікті тұрғындардың тыныштығын сақтау үшін оқ-дәрілердің фрагменттері арнайы орында жойылып жатқанын айтты. Десе де сенбі күнгі жағдай белгісіз себептерден болғанын айтып қалды. Арнайы полигон елді-мекеннен аулақта орналасқан. Біз бүгін жарылыс болған аумаққа болып, жағдайға қанықымыз келгенмен жақын бару мүмкін болмады. Сол маңда тұратын малшыладың сөзінше Арыстағы жағдайдан соң мұнда жарылыс жиі болып тұратын болған.
Нәлібек ОҢАЛБАЕВ:
Азанғы уақытта сағат сол 11-лерде жарады. Түстен кейін сағат төрттерде бестерде екі мезгіл жарады. Бізге енді ұзақтау, үш км жобасы. Ол жақа жақындатпайды. Түнде де басында болады солдаттар.
Жұмахан МЕДЕТБЕК:
Берірек төбеде жаратын еді, қазір біздің үйдің қасында жаратын боп жатыр. + Қорыққанда зияны тиеме деп жатырм да балдарға, немерелерімізге, иісі. Ол түнге жақын иіс өзімізге кәдімгідей білінеді.06.23.
Сапарғали САХОВ:
Бұл бомба жарылғанда бар ғой Байырқұмдағы Сырдарияның арғы бетіндегі үйлер кәдімгідей сақырлайды ғой. Даусы естіледі, кәдімгідей естіледі. Үйдің терезелер кәдімгідей сақырлап кетеді.
Арыстағы әскери бөлімдегілерден қандай да бір мәлімет алу мүмкін болмады. Ал қорғаныс министрі Арыс қаласындағы қаруды жою барысында ең күрделі, ең қауіпті кезең басталғанын жеткізді. Дегенмен арыстағы тұрғындар үшін қауіп жоқ деп сендірді.
Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:
Атап айтқанда ол әскери бөлімнің ішіндегі жұмыстар жалғасып жатыр. Осы жұмыстардың барысында көптеген жарылатын-жарылмайтын оқ дәрілердің фрагменттері табылады. Сондықтан барлық қауіп-қатерлерді жою мүмкін емес. Бірақ оның бәрін азайту үшін барлық қажетті шара қабылданды. Ал жергілікті тұрғындар қауіпсіздігін айтатын болсақ, оларға, Арыс қаласында ешқандай қауіп-қатер жоқ. Өйткені әскери бөлімнің сыртындағы барлық оқ-дәрілердің фрагменттері жиналды. Олардың бәрін Арыстан 60 шақырым жерде орналасқан полигонда жойып жатыр.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Қалай десекте арыстықтар әлі де үрейлі. Түс ауа қару-жарақтарды жою кезіндегі дүмпудің әсері шамамен алпыс шақырымдай қашықтықта тұрған менің өзіме де кәдімгідей сезілді. Жер сілкінгендей болып, есіктер сықырлай жөнелді. Бір байқағаным әбден жүрегі шайлығып қалған жергілікті халық әлі де көшеге атып шығуын доғармаған.
А. Төребекқызы