Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Көмірдің қалдығы мен оның шаңына тұншыққан тұрғындар шу шығарды

AstanaTV
24.09.2019ж. 20:00
5676
Көмірдің қалдығы мен оның шаңына тұншыққан тұрғындар шу шығарды

Елордада көмірге тұншыққан тұрғындар шу көтерді. Олар баспаналарына көмір сататын орындардың тым жақын орналасқанына наразы. Тұрғындар денсаулықтарына алаңдайды. Ашынған жұрттың базынасын Айя Мүтәлі тыңдап қайтты. 

- Школа вся в грязи, садик люди не стали вводить людей, потому выходи т как негры. Как негры. Они черные 

Көмір сататын орынға жағалай қоныстанған елордалықтардан маза қашқалы 30 жыл болды. Күлге тұншығып, таза ауаға зар болдық дейді. Сондықтан есік-терезені қымтап, үйде отыруға мәжбүр. Оның өзі сырттағы қара күйенің ішке енуіне бөгет емес. 

- Вот пожалуйста, смотрите, каждый день так, я уже не мою зачем 

Кара көмірдің шаңынан, мұндағы бау-бақша да қурап кеткен. Улы қалдықты бойына сіңіріп өскен көкеністі жеуден де қауіптенеді. Экологиялық жағдай жұмысқа да жарамсыз етті деп отыр. 

Сауия ЖАҚЫПБЕКОВА, ТҰРҒЫН:

Мен пенсияға шықтым, міне. Әлі 50-ге де келген жоқпын. Уже пенсиядамын. Бала осматик болды. Сырость үйдің іші. Енді оны кімге айтамыз. Акиматты шақырттық. Ешкім ештеңе қолданбайды. Біздің жақ ешкімге керек жоқ. Бәрі ана жақта левый берег, правый берег.

Дәл осы аумақта тұрғын үйлерге жағалай орналасқан көмір сататын 3 орын бар. Жұрт арлы-берлі қатынайтын жүк көліктерінен де мезі болған.    

Галина КОРИБА, ТҰРҒЫН:  

Балаларымызды сыртқа шығармаймыз. Олар көшеде алаңсыз ойнау дегенді білмейді. Көшеде ауыр машиналар қаптап жүреді. Байқаусызда жазым етеді ма деп қорқамыз.

Көмір сатушылар болса, барлығы экологиялық талаптарға сай екенін айтады. Қолдарында оны растайтын құжаттары да бар.   

Евгений ЧОЛОВИНЕЦ, «МАГНИТ 21 ВЕК» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Маған әкімдіктен хабарласты. Мен оларға барлық құжаттарды көрсеттім. Қожалықты заңды түрде иеленіп отырмыз. Тұрғындардың өздері бізге шағымданған емес. Жанымыздағы басқа көмір сататын орындарға барған шығар, бірақ бізге келген емес.

Сан мəрте құзырлы мекемелердің табалдырғын тоздырған жұрттың жағдайынан жергілікті әкімдік те хабардар. Алайда, олар бұл мәселеге әлі де нүкте қоя алмай келеді. Жақын арада сол маңнан өндірістік орын ашуға ниетті.  

Берік ТӨРЕБЕКОВ, САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Ар жағында көрсеңіздер, ол жақта өндірістік базаға жер бөлінген. Жұмыстар басталып жатыр. Біз қоршау қойып. Біртіндеп ол жаққа өндірістік базалар орналастыру жоспарлануда. Сол инвестор табылған кезде, ол үйлер сырылып, тиісті пәтерлер беріледі. Немесе ақысын береді.

Жауаптылардың айтуынша, оған дейін көгілдір отынның мәселесі де шешіліп қалар. Таза ауаға зарыққан тұрғындардың күтуден басқа амалы жоқ.  

А. Мүтәлі