Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылжарда Ботай мәдениетіне арналған халықаралық суреттер көрмесі өтті

AstanaTV
01.10.2019ж. 20:00
2067
Қызылжарда Ботай мәдениетіне арналған халықаралық суреттер көрмесі өтті

Қызылжарда Ботай мәдениетіне арналған халықаралық суреттер көрмесі өтті. Тарихшылардың пайымдауынша, Солтүстік Қазақстанның Ботай елді-мекенінде әлемде алғаш рет жабайы жылқылар қолға үйретілген. Археологтар аталған жерді қазбалап, 5 мың жыл бұрын қолданылған ат әбзелдерін тапқан. Қазір Ботай мекені тарихи ескерткішке айналды. Халықаралық көрмеге байланысты Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мен Қырғыстанның белгілі суретшілері Ботай мәдениетімен етене танысып, өзінің әсерлерін қағаз бетіне түсірді.

Нұрлан ТАИРОВ, РЕСЕЙ СУРЕТШІСІ:

Менің суретімде бозбала атпен шауып келе жатыр. Бұл сурет арқылы мен адам және табиғаттың әрқашанда жас екенін білдіргім келді. Ал жердің астындағы қабат-қабат топырақтың арқасында ғасырлар бойы қалыптасқан тарихты байқауға болады. Суретті майлы бояумен салдым. Ол балшықтың шынайы түсін көрсете алады.


Шараға қатысқан 20 суретші халық назарына 80-ге жуық туындыны ұсынған. Көрме аяқталған соң суреттің тең жартысы жергілікті бейнелеу өнері мұражайына сыйға тартылмақ. Айта кету керек, дәл осындай симпозиумдар алдағы уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жалғасын табуы мүмкін.
 
Гүлнәр МҰҚЫШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МҰРАЖАЙЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ботай мәдениеті - бірегей ескерткіш. Осындай симпозиумдардың арқасында, аты шыққан суретшілердің көмегімен Ботай мәдениетін әлемге танытатын ойымыз бар. Ботай мәдениеті жер-жаһанда қазақстандық брендке айналуы тиіс.

А. Курманкин