АҚШ-та сонау екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомбалаушы b-17 ұшағы құлап, 7 адам мерт болды. Әуе апаты Коннектикут штатындағы халықаралық Брэдли әуежайында болды. Ақпаратты әуежай әкімшілігі растады. Көкке көтерілгеніне 5 минут өткен соң экипаж мүшелері қажетті биіктікке көтеріле алмағанын хабарлаған. Бастапқы орнына қонбақ болғанда басқару жүйесінде ақау пайда болып, ангарға келіп соғылған. Жергілікті билік өкілдері ұшақта 13 адам болғанын айтады.
Кевин ДИЛЛОН, КОННЕКТИКУТ ӘУЕЖАЙЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Бізде b-17 болған. Ал бұл «Коллингс қорының» қолданысындағы бомбалаушы. Шамамен таңғы 9:45-те көкке көтерілді. Бірақ 5 минут өте бір ақаудың барын айтты. Әуежайды айналшақтап жүріп қонды, бірақ басқаруды жоғалтып алған болуы керек, мұздануға қарсы және техникалық қызмет көрсетуге арналған сұйықтығы бар резервуарға келіп соғылды.
CollingsFoundation ұшақтарды, ескі техниканы қалпына келтірумен айналысады. Бомбалаушы Брэдли әуежайында 30 қыркүйек осы қор ұйымдастырған көрме үшін әкелінген. Онда үшақты көріп қана қоймай, белгілі соммаға ұшу мүмкіндігі де қарастырылған.
Ә. Өмірзақ