Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматылықтар суық су мен кәріз жүйлеріне 411 миллион теңге қарыз

AstanaTV
07.10.2019ж. 20:00
2904
Алматылықтар суық су мен кәріз жүйлеріне 411 миллион теңге қарыз

Алматылықтар суық су мен кәріз жүйелеріне 411 миллион теңге қарыз. Бүгін «Алматы су» мамандары борышкерлердің үйін аралады. Берешегін өтемегендер тіршілік нәрінен қағылды. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

«Алматы Су» мемекесінің мамандары үшін берешегі бар жұрттың есігін қағу әдетке айналған. Медеу ауданындағы мына пәтер коммуналдық төлемге 435 мың теңге қарыз. Бірақ, төлеуге асығар емес.

Тексеріске шыққандарды тұрғындар жылы қабылдай қоймады. Көбіне пәтер иесімен емес, үй қызметкерлерімен тілдескен комиссиялық топ мүшелері борышкерлерді ауыз судан айырды. Яғни, қарызын төлемеген жұрттың ауыз су құбырын кесіп тастады. Арасында темір тұлпар жуатын мекеме де бар.

Шариф КУРДОГЛЫ, КӨЛІК ЖУУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Аударма. Бұл жерге келгенімізге небәрі 2 ай ғана болды. Маған дейінгі жалға алушылар су мен кәріз жүйесінің төлемін жасамаған. Себебін білмеймін. Жұрттың берешегін мен жауып жүрмін. 2 аптада барлық қарыздарды төлеймін. Суды кесіп тастамауларын өтінемін.


Қуаныш ТАБЫЛДИЕВ, «АЛМАТЫ СУ» МКК ИНЖЕНЕРІ:

4-5 жыл бойы төленбеген. Бүгінгі күні қарыз көлемі 400 мың теңге. Сол себепті қазір біздің балалармен суы өшірілді. Заң бұзушылық көріп отырсыздар.

Қала бойынша суық су мен кәріз қызметіне тұрғындардың берешегі 400 млн теңгеден асады. Кәсіпорын мамандары абоненттерді коммуналдық желілерден мәжбүрлі түрде ажырату өз нәтижесін береді деген үмітте.

Ақбота ЖЫЛЫСОВА, «АЛМАТЫ СУ» МКК ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ МАМАН:

Басында біз ескертпе жасаймыз, бір ай бұрын. Қағаздарды таратып алдын-ала таратамыз. Тыңдамаған жағдайда келіп өшіріп кетеміз. Алматы қаласы бойынша кәріз және суық су қызметіне қала тұрғындарының берешегі 411 млн теңгені құрайды.


Мамандар, қала бойынша борышкерлердің көбі Медеу ауданында орласқан дейді. Ал жалпы 5000-нан астам тұтунышы кәріз қызметінен ажыратылған. Сот орындаушыларына сомасы 100 миллион теңгеден асатын 700-ге жуық арыз-талап жіберіліпті.

Ә. Лесбек