Негізгі / Жаңалықтар / 47 мың Нұр-сұлтандық үй кезегінде тұр

47 мың Нұр-сұлтандық үй кезегінде тұр

Елорданың өзінде бүгінде ресми түрде 47 мың тұрғын пәтерге мұқтаж. Нұр-Сұлтандық көп балалы Ғалия Басықараева ұзақ жылдан бері пәтер ала-алмай келеді. Жалдамалы үйде жан бағып жүрген ананың 26 жастағы мүгедек ұлы бар. Ол, өзінен бірнеше жыл кейін үй кезегіне тұрғандардың баспаналы болғанына налиды. Кезектің жылжу механизмі қандай? Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Ғалия Басықараева қала сыртында пәтер жалдап тұрады. Мүгедектерге берілетін баспана тізіміне 9 жыл бұрын баласын тіркеген. Ол кезектің тым баяу, тіпті соңғы бірнеше жылда мүлде жылжымағанына шағым айтты. Қала әкіміне де бірнеше рет барғанмен, ешқандай нәтиже жоқ,-дейді.

Ғалия БАСЫҚАРАЕВА, ТҰРҒЫН:


2010 жыл тұрдым кезекке. Ол кезде 8400-ші орында тұрдым. Қазір 3400-ші орындамын. Бұл кезек біраз жылдан бері не жылжымайды, келе жатырмыз. Қазір 2013-2014 жылы кезекке тұрғандардың өзі баспаналы болып жатыр. Біз әлі тұрмыз.

Ал, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары кезектің жылжуы тіркелген мерзімге байланысты емес,-дейді. Оның айтуынша, баспана алудың категориялары бар. Көпшілік арасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салымдары болғандықтан, несиеге алып жатқандары бар. Осының есебінен тізім кейде сақталмай жатады деді.  

Данияр БАЛТИН, НҰР-СҰЛТАН қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

Баспана әр санат бойынша беріледі. Жуырда 148 пәтер үлестірілді. Олардың бәрі бір және екі бөлмелі пәтерлер. Отбасы мүшелерінің санына байланысты Басықараеваның жанұясы тізімге ілікпеді. Енді ол кезегі келгенге дейін күтуі керек. Қалада дәл осындай әлеуметтік топтағы 18 мың адам кезекте тұр.

Данияр Балтин биылғы жылдың 9 айында бас қалада 700-ден астам пәтер үлестірілгенін айтты. 300-ден аса пәтер несиеге берілсе, 400-ге жуығы сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілген.

Ғ. Өтемісов