Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«NUR OTAN» партиясы балалар мен отбасын қорғау жөнінде ұсыныстар әзірлейді

AstanaTV
10.10.2019ж. 20:00
3037
«NUR OTAN» партиясы балалар мен отбасын қорғау жөнінде ұсыныстар әзірлейді

Құқықбұзушылыққа жол беріп, қылмысқа ұрынатындардың 54 пайызы сандалған жастардың, яғни оқусыз, жұмыссыз жүргендердің үлесінде. Бұл туралы Шымкентте өткен «Nur Otan» партиясы жанындағы республикалық балалардың құқығын қорғау кеңесінде белгілі болды. Мамандар балаларға дұрыс көңіл бөлінбей жатқанына алаңдаулы. Отбасындағы зорлық-зомбылық, жастар тәрбиесі, балалар құқығы көтерілген жиын жайлы келесі бейнематералда.

Өзекті мәселелердің қатарында кәмелетке толмағандар қыздардың ерте жүктілігі, жасөспірімдердің зорлыққа ұшырауы мен суицидтің жиілеп кетуі тұр. Осы сынды проблемаларды Шымкентте қоғам белсенділері мен шенділердің қатысуымен өткен отырыста «Nur Otan» партиясы жанындағы республикалық балалардың құқығын қорғау кеңесінің жұмыс тобы көтерді. Қиын балалалардың тағдыры да күн тәртібінен түспеді.

Динара ЗАКИЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұзақылыққа, қылмысқа баратындардың 54 пайызы мектеп бітіргеннен соң оқуға түспегендер, жұмыс істемейтіндер, тіпті назардан тыс қалатындар екен. Бұл Ішкі істер министрлігінің мәліметі. Бүгін біз Шымкенттегі алаңшалардың картасына үңіле келе бір келісімге келіп отырмыз. Арнайы алаңдарда аула клубтары ашылып, жастарды спорттық және басқа да үйірмелерге тарту жағы ұйымдастырған дұрыс. 

Мұндай қамқорлыққа дағдарысқа тап болған әрбір оныншы отбасы мұқтаж. Олармен жіті жұмыс істеу керек, деді Загиева. Бұл мәселеде Шымкенттегі отбасы мәселелерімен йналысатын басқармасының жұмысын үлгі етті. Әр полиция бекетіне әлеуметтік қызметші бекітілген. Ол өз учаскесіндегі «қиын» отбасылармен полициямен бірлесіп көмектесіп отырады. «Бақытты отбасы» партиялық бағдарламасы аясында бұл әдісті өзге өңірлерге де енгізу ұсынылды. Бұдан бөлек ресупбликалық кеңес мүшелері балалардың білім, медициналық және әлеуметтік мекемелерге қамтылуымен де танысты.  

Жанна АХМЕТОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Біз партияға, біздің балаларымыздың мектептерде, балабақша, интернаттарда қандай жағдайда оқып-тәрбиеленіп жатқанын көзбен көріп, танысуға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғысымызды айтамыз. Өз баламыз секілді өзге балалар да отбасылық жағдайға мейлінше бейімделген түрде тәрбиеленіп, оларға да барынша қамқорлық жасалуы қажет. Қазақстан 90-жылдары бала құқығы жөніндегі Конвенцияға қол қойған. Ол құжат күйінде қалып қойды. Бала құқығы сақтала бермейді. Балларды ұрады, зорлайды тіпті жәрдемақы үшін де қолданады.

Жұмыс тобы Шымкентте екі күн болады. Ертең бірқатар білім мекемелерінің жұмысымен танысуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, кеңес мүшелері  аялдаған бұл 14-ші өңір.Олар отбасындағы бала құқұғы және жанұя мәселесін жіті зерттеп жүр. Сарапшылар өз жұмыстарының қорытындысы бойынша ұсынысын партияға, министрлікке және парламентке ұсынады.  

А.Төребекқызы