$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Онкологиялық науқастарды шетелге жіберіп, бизнес жасайтын компаниялар анықталды

AstanaTV
15.10.2019ж. 20:00
2402
Онкологиялық науқастарды шетелге жіберіп, бизнес жасайтын компаниялар анықталды

Қатерлі ісіктен, қомақты бизнес жасап жүр. Онкологиялық науқастарға шетелде емдеуді үгіттеп, қызметіне бонус алатын компаниялар анықталады. Бұл туралы Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова мәлімдеді. Оның айтуынша, емделушінің палатасына барып, науқастың шетелде ем алуына қажетті ақша жинап беру туралы ұсыныс жасайтын компания өкілдері көбейген. Дегенмен, олардың нақты саны белгісіз.

Диляра ҚАЙДАРОВА, ҚР ДСМ ҚАЗАҚ ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:


Түркия, Корея немесе Еуропа елдерінде емделгенді қалайтын адамдар бар. Әлемдік стандарттарға сай дәл осындай айықтыру шараларын біз де ұсынамыз. Дегенмен, көбі бас тартады. Ал науқасты шетелге жіберіп, жұмысына пайыз алатын компаниялардың барлығын тексереміз. Әрине, бұл тұрғыда заңсыз ештеңе жоқ. Бұл өз кезегінде бизнестің бір түрі.


Ә. Асқар