$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Базарда тұрып жатқан отбасылар

AstanaTV
24.10.2019ж. 20:00
2227
Базарда тұрып жатқан отбасылар

Баспанасыз бұқара базарда тұруға мәжбүр. Таразда 8 отбасы базар жатағын жалдап отыр. Олардың арасында көп балалы отбасы да бар. Жан баққандардың әрекеті заңды ма? Билік бұған не дейді? Данияр Әлімқұл жауап іздеді.

Бір қарағанда хостелге ұқсайтын бұл жатақты тұрғындар базар деп біледі. Киім-кешек базарын паналағандар үйсіз жүргендер екен. 

Құрман ШОҢАТАЕВ, ТҰРҒЫН:

- Қанша болды тұрып жатқаныңызға?
-12-нен бері
-Қанша төлеп жатсыз?
-Әрқалай
-15, 10 дейді. Бір бөлме, кішкентай. Ішіндей жағдай жасалмаған.


Тұрғындар базар басшысымен бөлмелерді жалдап тұру келісім-шартын жасасқан. Қан базардан жатын жер ұсынған базар әкімшілігі жағдайды түсіндіруге құлықсыз.    
 
Журналистерді жолатпаған сауда павильонының қожайыны ақыры айқай-шуды баспақ болып камераға көрінді. Өзін Ресей азаматымын деп таныстырған ол базарда адамдардың тұрып жатқанын жоққа шығарды.   

Николай ТАРАНОВ, САУДА НЫСАНЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Базардағы сауда орнында қазір 500-ден аса кәсіпкер сауда нүктелерін жалдап отыр. Олармен келісім-шарт бойынша сауда жасау үшін жасалған. Мен мұнда отбасылы адамдар тұрып жатқанын білмейді екенмін. Шын мәнінде солай болса, онда оларға қатаң шараларды қолданып, қуып жіберуге болады. Бірақ, судагерлермен келісім-шартты уақыты біткенде ғана бұзамыз.


Ал, биліктегілер бұл жағдайдан бейхабар болып шықты. Жағдайды БАҚ өкілдерінен  білген атқамінерлер, мұнда көп балалы отбасының тұрып жатқанын анықтады. Ал, кәсіпкердің үйсіз жандарға жатын жер үлестіріп жатқанын құптайтын секілді.  

Гүлбахрам ДҮЙСЕКОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бұл жерде бір ғана кедіргі,бұл ғимарат боп соғылған да, құжаттары жатахана не хостел боп рәсімделмеген. Сондықтан сауда орын басшысын шақырып, ол кісімен келіссөз жүргіздік. Тез арада құжаттарын рәсімдеу туралы.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ, ТІЛШІ:

Кәсіпкер келісім-шартты бұзар болса, 8 отбасы қазанның қара суығында қайда баратыны белгісіз. Қазір тексеру жұмыстары басталған. Қандай шара қолданылатыны да анық емес.   Сауда нысанының қожайыны жатын жерлердің басқа бөлмелерін де жөндеп жатыр, соған қарағанда кеңейтуді көздегенге ұқсайды. 

Д. Әлімқұл