Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Ұлттық ұлан" кинологтары соңғы 4 жылда иісшіл иттердің көмегімен 160 келі есірткі тәркілеген

AstanaTV
25.10.2019ж. 20:00
3774
"Ұлттық ұлан" кинологтары соңғы 4 жылда иісшіл иттердің көмегімен 160 келі есірткі тәркілеген

"Ұлттық ұлан" кинологтары соңғы 4 жылда иісшіл иттердің көмегімен 160 келі есірткі тәркілеген. Бұл туралы елордада кинологтар арасында өткен жекелеген-командалық ашық біріншілікте айтылды. Иісшіл иттердің сақшылыққа қарым-қабілеті тексерілген сайысқа Асылбек Данияр да барды.

26 жастағы кинолог Әділет Тоқатаров  бұл салаға 8 жыл бұрын келген. Ол кішкентайынан ит баптауға құмар болып өскен. Қазіргі таңда белгиялық тұқымдас "Зенанымен" жұмыс істейді. Кинолог маманның айтуынша, иті екеуі 2 келіден аса есірткі тәркілеген.

Әділет ТОҚТАРОВ, №5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КИНОЛОГЫ:



Зенаны ұстап жүргеніме 5 жыл болды. Күшік кезінен асырап, өзім үйреттім.  Бұл есірткі іздейді, потрульдік посттарға шығады. Біраз қылмыскерлерді ұстап, есірткі тәркіледі.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:



Кинология- еліміздегі аса маңызды салалардың бірі. Олар жарылғыш заттарды іздеуде, есірткі тасмалын анықтауға, сондай-ақ қауіпті қылмыскерлерді құрықтауға қолданылады. Дәл қазір 5573 әскери бөлімінің  кинолог итін тәжірибеден өткізіп көретін боламыз. Осындағы сөмкелердің біріне есірткіні жасырамыз және ит өзінің қызметін қалай атқаратынын көретін боламыз.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 15 кинолог иттерімен есірткі табу, мина іздеу, қылмыскерлерді ұстап, жоғалғандарды табу көп сайыстары бойынша бақ сынасқан.

Борис ЦЫГАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН КИНОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:



Бұл жарысқа Батыс, Орталық, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстіктен командалар келіп қатысты. Жалпы, жарыс 4 күнге созылды. Қорытындыға келсек, 5573 әскери бөлімі жалпы командалық есепте топ бастап, бірінші орынға ие болды.

Сала мамандары із кесуші иттерді әзірлеу оңайға соқпайтынын жеткізді. Оларды аптасына кемі 5 рет шынықтырады.

Дмитрий ГАРЕЕВ,  ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН КИНОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:



Иттің иіс сезу қабілетін жетілдіру мақсатында негізінен ойын әдісін қолданамыз. Бұл арқылы иттің иіс сезу, іздеу қабілеті дамиды.

Кинолог мамандар 4 жылда қызметтік иттердің көмегімен 160 келіден аса есірткі тасымалына тосқауыл болып, іс-түссіз жоғалған 6 адамды тапқан. Сондай-ақ қолды болған 26 миллион теңге мен 2 000 АҚШ доллар иесіне қайтарылған.

А. Данияр