Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматылық мүгедек протезге жинаған ақшасынан айырылып қалды

AstanaTV
30.10.2019ж. 20:00
2152
Алматылық мүгедек протезге жинаған ақшасынан айырылып қалды

Алматылық мүгедек Бақытгүл Әлімбекованың депозитіндегі 600 мың теңгеден астам қаражатын алаяқтар жымқырып кеткен. Арнамызға шағымданған келіншек, бұл қаражатты протез алу үшін қайырымды жандардан жинадым дейді. Жалпы банк шоттарындағы қаражатты әккі алаяқтар қалай және қандай жолмен жымқырып жүр? Әсем Лесбек анықтап көрді.

Алматылық тұрғын Бақтыгүл Әлімбекова үстел теннисінен спорт шебері. Келіншек, бір аяғының кемтарлығына қарамастан биыл жүзуден Босфор бұғазын да бағындырыпты. Аяғына жаңа протез алуға қаражаты жетпеген соң, екі ай бұрын әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұраған. Алайда жиған ақшасын әккі алаяқтар қолды етті деп ашынды.

Бақтыгүл ӘЛІМБЕКОВА, ТҰРҒЫН:

Он күннің арасында 681 мың теңге жинадым. Бір күні кешке қарай 21-ші қыркүйекте ватцабыма алаяқтар жазды. «Біз Атырау қаласының футбол командасынан, сізге 120 мың көмек берейін деп едік» деп. ссылка жіберді. Сонда сол ссылка арқылы олар менің каспий банктегі кабинетіме кіріп, бәрін шешіп алған. Счетымнан ақшамды аударып алады деген ой түсіме де кірмепті.


Ғаламтордағы әккілерден жапа шеккен мүгедек не істерін білмей дал. Қайырымды жандардан қайтадан көмек сұрауға тура келеді дейді. Ал алаяқтың әркекетін қалалық полиция департаменті мен банк өкілдері тексеруді бастаған.  

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш дерек бойынша қазіргі таңда Алматы қалалық Полиция Департаментіне қарасты тергеу басқармасының қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190 бабының,  2 тармағы бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеуге кірісіп кетті. Сезікті азаматтар міндетті түрде анықталып қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. 

Дегенмен мамандар ғаламтор алаяқтары сыртан да болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ішкі Істер Министрлігі хакерлерге қатысты биыл 88 істің тіркелгенін, полицейлер 42 дерек бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлайды. Арам ойын іске асырғандар негізінен ресейлік азаматтар болып отыр. Олар елдегі банк шоттарынан 200 миллион теңгені қолды қылған.

Марат ҚОЖАЕВ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қылмыскерлері қолға түсіру үшін ақшаны банкоматтан шығарып алған адамдардың видеосын беру туралы сауал жолданды. Алайда оған екі айдан астам уақыт қажет.

Осы орайда Ұлттық банк мамандары жеке есеп-шот пен қаржылық құжаттар жайлы мәліметтерді, қатаң құпияда ұстау керек деп ескертеді.

Дмитрий АКМАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Көбіне адамдар өздері кінәлі болып келеді. Төлем картасындағы құпия сандар мен кодтарды жеке тұлғалар ешкімге жария етпеуі тиіс. Тек банк қызметкеріне ғана білуге рұхсат. Әсіресе веб-сайттарға мұндай мәліметтерді мүлде енгізуге болмайды.


Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Ал Ресейлік киберқауіпсіздікпен айналысатын компания басшысы Илья Сачковтың мәлімдеуінше, қазір  1 миллионнан астам банк клиенттерінің мәліметтері ғаламторда тарап кеткен. Көбіне үндістандық азаматтардың банк карталарының жеке кодтары жалпақ жұртқа жария болып отыр. 

Ә.Лесбек