Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылжарда жартылай фабрикатты тағамда ішек таяқшалары табылған

AstanaTV
30.10.2019ж. 20:00
1708
Қызылжарда жартылай фабрикатты тағамда ішек таяқшалары табылған

Қызылжарда жартылай фабрикатты тағамда ішек таяқшалары табылған. Аталған инфекцияны қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары ауылдық дүкенде сатылған голубцы мен тефтель өнімдерінен анықтаған. Құзырлы орган мамандары барлық тағамды тәркілеп, тауарды өндірген кәсіпорында тексеріс жұмысын қолға алды. Айтуларынша, ішек таяқшалары көп жағдайда гигиеналық талаптарды сақтамағандықтан пайда болады. Инфекцияға толған өнім қазан айының 7-нен онына дейін шығарылған екен. Қазір департамент қызметкерлері тауар партиясын басқа дүкендерден іздестіріп жатыр. Артынша, бүлінген азық жойылатын болады. Айта кету керек, жартылай фабрикатты өнімдерді пісірген кезде, ішек таяқшалары ыстық суға төзбей, өліп қалады дейді сала қызметкерлері.

Әсет ЖҰМАТАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Тексеру кезінде заңбұзушылықтар анықталатын болса, жеке кәсіпкер 425-бап бойынша 230 айлық есептік көрсеткішке дейін жаза тағайындалады. Және де қалған тауарлар алынып, оны утилизациялауға шаралар қолданады.


А. Құрманкин