Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Кино және театр» әлемінің жұлдызы, актриса Раиса Мұхамедиярова қайтыс болды

AstanaTV
05.11.2019ж. 20:00
5906
«Кино және театр» әлемінің жұлдызы, актриса Раиса Мұхамедиярова қайтыс болды

Театр және кино әлемі тағы бір шоқтығы биік жұлдызынан айрылды. Қазаққа "Менің атым-Қожа" фильмінде Майқанова апайдың ролімен кеңінен танылған, Райса Мұхамедярова 80 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Әртіспен қоштасу рәсімі 7-ші қараша Алмадыда өтеді.

Қалың қазаққа аты әйлігі фильмдегі «Майқанова апай» ролімен танылған Раиса Мұхамедиярова, Семей облысының Көкпекті ауылында дүниеге келген. Киноәлеміне 21 жасынан бастап қадам басқан актрисаның, алғашқы қадамы «Песня зовет» фильмі болды.

Талғат ТЕМЕНОВ, АКТЕР, КИНОРЕЖИССЕР:


Раиса Мажитқызы дүйім жұртты өзіне жалт қарататын кино мен театр сахнасының патшайымы еді. Ол кісі кіріп келгенде жастар театрындағылар бірден иықты тік ұстап, бастарын көтере қоятын. Сұлулығы мен харизмасы керемет кісі. Ал киноәлеміне Шәкен Айманов, Абдулла Қарсақбаев, Шәріп Бейсенбаевтармен бірге келген.

Бүгінде 30 жуық туындыда Раиса Мұхамедиярова сомдаған ролдер бар. Соның ішінде шоқтығы биік «Менің атым Қожа», «И в шутку, и в серьëз» фильмдері. Әріптестері оны сұлулықтың эталоны деп таныған. 

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

Рая Мұхамедиярова мен бірінші рет былай жақын көргенім ол суретші Гүлфайруз Исмайлованың үйінде отырды кухнясында. Мен кіргенде сонда Гүлфайруз маған айтты Рая Мұхмедиярова деді. Өте жас және әдемі, сұлу, өте сұлу. Қап-қара үлкен көзі, қап-қара шашы.

Райхан ҚАЛИОЛДИНА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕР:

Бүгін мен үшін менің әріптестерім үшін қаралы күн. Қазақтың ұлы әйелдерінің бірі Рая Мұхамедиярова апай дүниеден озды. Рекең сұлулықтың, тектіліктің парасаттылықтың, байсалдылықтың символы сияқты еді. Рекеңнің керемет бір сөзі бар болатын «Райхан Құдай береді, бірақ Құдай асықпайды» дейтін. Ол сөзімен мені әрқашан сабырлыққа шақыратын.

Рая Мұхамедьярова драматург, академик Ғабит Мүсіреповтің үшінші жары болғанын бірі білсе, бірі білмейді. Олардың Гауһар және Гүлнар есімді қыздары бар. Өнер жолының 7 жылын жарының атындағы жасөспірімдер театрына арнаған. Сахнада өнер көрсетті, шәкірт тәрбиеледі. Марқұммен қоштасу рәсімі жетінші қараша күні дәл осы театрда өтеді.

А. Лесбек