$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодар облысындағы Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері латын қаріпінің жаңа нұсқасын көңілге қонымды деп санайды

AstanaTV
13.10.2017ж. 20:00
3450
Павлодар облысындағы Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері латын қаріпінің жаңа нұсқасын көңілге қонымды деп санайды

Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы латын әліпбиінің жаңа нұсқасын көңілге қонымды, ең бастысы ыңғайлы деп санайды. Мәселен, өзбек этномәдени бірлестігі өкілдері бұдан былай қазақ тілін үйрену жеңілдейтініне сенімді. Көршілес Өзбек мемлекеті латын қаріпіне осыдан 23 жыл бұрын көшкен. Сондықтан ол жақтан еліне оралған қандастарымыз бен мұндағы ала-шапанды ағайындар үшін енді қазақ тілін латын әріптерімен оқып-үйрену жеңілдемек. Бұған әсіресе жастар жағы қуанышты. Соңғы ұсынылған 32 әріптік әліпбидің негізгі басымдығы - сөздердің шұбалмай, тиянақты жазылуында,- дейді ассамблея өкілдері. Сәйкесінше, оны енгізу де оңай болмақ. Бұдан бөлек, жаңа қаріп жаңа технологияларды меңгеру ісіне де өзіндік үлесін қосады деп есептейді.

Ұлықбек Ахмедов, өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары:

Бізге қазақ тілінің латын алфавитініне өткені оңай болып көрінді. Жазып та көрдік. Көбісі Өзбекстаннан келген достарымыз, жастарымыз қазақшаны үйренуге тағы да көмек болып отыр.