Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгін азаматтардың өтінішін тыңдады. «Nur Otan» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауына елордалықтардан бөлек, онлайн режимде басқа өңірлерден де тұрғындар қосылып талап-тілектерін айтты. Өтініштер әртүрлі. Бірі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жасауға болатын жобасын ұсынды. Енді бірі телеарналарда ұлттық мәдениетті насихаттайтын жобалардың санын көбейтуді сұрады. Азаматтарды тыңдаған министр өтініш-тілектерді ескеретінін айтты.
Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
Қазіргі кезде көбісі сол коммерциялық каналдарды ашқысы келеді де, пайда тапқысы келеді. Ал мәдениет шаралары онша көп пайда әкелмейді. Сондықтан мемлекет тарапынан қолдауға біз тиіспіз. Оған біз қолдау көрсетеміз, мен қарастырамын.
Ә. Өмірзақ