$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде 63 жастағы тұрғын пәтерін 10 жыл бойы қоқыс жинаған

AstanaTV
19.11.2019ж. 20:00
3214
Ақтөбеде 63 жастағы тұрғын пәтерін 10 жыл бойы қоқыс жинаған

Ақтөбеде 63 жастағы тұрғын пәтерін қоқысқа лық толтырған. Плюшчин синдромы бар Михаил Слободянюк қоқысты бір бөлмелі пәтеріне он жыл бойы жинапты. Тас қараңғы пәтерде жарықсыз, ауыз сусыз өмір сүріп жатқан зейнеткердің тірлігімен тілшіміз Бақыт Рахметова танысып келді.  

Бұл тастай қараңғы пәтерде Михаил Слободянюк жалғыз тұрады. Бір бөлмелі пәтерде не жарық, не су жоқ. Зейнеткер он жыл бұрын зайыбынан айырылып, жалғыз қалған. Оның үстіне ұзақ жылдар бойы авиазауытта аға шебер болған ол 90 жылдары зауыт жабылғалы жұмыссыз қалған. Фотограф болып күн көрген. Бірақ онысынан түк шықпаған. Содан бері қоқыс жинауды шығарған.  

Михаил СЛОБОДЯНОК, ТҰРҒЫН: 

Жақсы жарақты затты көрсем үйге алып келемін. Қажетіме жарап қалар деп ойлаймын. Мен үйімде бір нәрселер жасау үшін де осы материалдар керек болады.

Михаил бес қабатты үйдің бесіншісінде тұрады. Пәтерде ине шаншар жер жоқ. Осылай өмір сүргеніне он жылға жуықтаған. Көршілер өз қауіпсіздіктері үшін қорқады.  

Ольга ТУРГАНОВА, КӨРШІСІ:  

Біз бір күні пол тесіліп, астында тұратын тоқсандағы әжейдің үстіне түсе ме деп қорқамыз. Апатты жағдай туып, өрт шықса не істейміз? Қатты қорқамыз.

Ал үй иесі көршілерінің үйді тазартайық деген ұсынысына келіспей отырған көрінеді.  

Наталья ДМИЧЕНКО, КӨРШІСІ: 

Бір рет үйіне кірсем, ол ұйықтап жатыр. Ал газ жанып тұр. Ауаға жанып тұр. Өртеніп кете жаздады. Біздің қоқысты үйінен шығар дегенімізді тыңдамайды. Плюшкин синдромы бар адам ғой. Барлығы керек дейді. Қоқыс өзі үшін де, біз үшін де қауіпті.

Михаилдің бұрыңғы кеңес замандағы қызыл паспортынан бөтен құжаты жоқ. Учаскелік полицейлер жақында 63 жасқа келетін азаматтың зейнетақы алуы үшін құжаттарын реттеп бермек. Бірақ үйін қоқыстан тазартуға құқымыз жоқ деп отыр.  

Нұрсайын ЕСЕНАМАНОВ, УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР:  

Бізге оның рұқсаты керек. Ол айтса шығарып бер десе біз дайынбыз. Кск сөйлесіп қойдық. Айтыңыздар деп отыр. Машина әкелеміз деп отыр. Өзімде киімді шешіп мусор тазартуға дайынмын. Бірақ рұқсаты керек. Өзінің заңды үйі ғой. Біз оның үйіне заңсыз кіре алмаймыз. Арызданып, тек соттан қаулы шығарып бермесе кіре алмаймыз.

Ол үшін көршілері ұжымдық арыз жазып, сотқа шағымдану керек. Сонда ғана сот оның үйін күштеп тазартуға қаулы шығара алады. Одан бөлек, Михаилға психологиялық та көмек қажет. 

Б. Рахметова