Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Маңғыстау облысының тұрғындары жедел-жәрдем көмегіне жарымай отыр

AstanaTV
20.11.2019ж. 20:00
2580
Маңғыстау облысының тұрғындары жедел-жәрдем көмегіне жарымай отыр

Маңғыстау облысының тұрғындары «Жедел жәрдем» қызметін сағаттап күтеді. Олардың кешігуінен жақындарымыздан да айрылып отырмыз,-дейді. Бүгін Қарақия ауданы, Мұнайшы кентінің тұрғыны осындай шағыммен редакциямызға хабарласты. Айтуынша, облыстағы жедел жәрдем станцияларын орталықтандырғалы 2 жыл өтсе де, тұрғындар көмеккке жарымай отыр. Тіпті, соңғы кездері көлік келмейтін де болыпты. Базыналы халық әкімдікке де шағымданған. Бірақ мәселе әлі күнге дейін шешілмепті.

Мәжит АЛПЫСБАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ МҰНАЙШЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз аяқ астынан ауырып, сырқаған кезде қоңырау шалсақ, звонок Ақтауға барады. Сол жерден басқарылады бару керек па, бармау керек па екені. Осының салдарынан көптеген аурулар наразылықтарын білдіріп жатыр. Біздің елдегі сынды мұндай былықтар басқа жерлерде де бар ма екен? Осыны қолға алуларыңызды өтінеміз.

Оксана ПЕТЕРС, ЖҮРГІЗУШІ:

Дәл қазір тікелей эфирде Маңғыстау облысы жедел жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы Рахымжан Елтаевқа хабарласып, мән-жайды сұрап көрейік. - Қайырлы кеш Рахымжан Сапарбекұлы! Сіз тікелей эфирдесіз. Шалғай жердегілер неліктен көмекті ұзақ күтуге мәжбүр? Станциялар  орталықтандырылған. Оның маңызы неде сонда? Халық игілігін көрмесе...?


Рахымжан ЕЛТАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жалпы 2018 жылдың желтоқсан айында жедел жәрдем станцияларын орталықтандыру жобасы іске қосылды. Соның нәтижесінде біраз мәселелер шешім тапты. Атап айтқанда, барлық жедел жәрдем бригадаларын қадағалау. Онлайн режимде басқару. Бұрын тұрғындар ауданға үй телефонымен қоңырау соғатын. Ал, қазір кез-келген байланыс құралы арқылы хабарласа алады. Және барлық шақыртулар аудиоға жазылады.  Бұл болашақта шақыртудың дұрыс қабылдануын бақылауға көмектеседі. Ал, жалпы орталықтандыру тек Маңғыстау облысында ғана емес, бүкіл республикада Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысымен қабылданған.

Оксана ПЕТЕРС, ЖҮРГІЗУШІ:

Тұрғындар алдымен науқастың жағдайын сіздерге, сіздер ауданға жеткізесіздер. Уақыт жоғалтып жатқан жоқсыздар ма? Өмірі қыл үстінде тұрған науқастар да болуы мүмкін. Мұндайда секундтар маңызды ғой. 

Рахымжан ЕЛТАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бұл ешқандай да заңға қайшы емес. 450-ші бұйрық бойынша шақырту түскен уақыттан бастап 5 минут ішінде шақырту бойынша барлық мәліметті жеткізіп үлгеруі керек. Бұйрыққа сәйкес барлық шақыртулар 4 санатқа бөлінеді. Олардың бәрін диспетчер қадағалап жіберіп отырады.


Оксана ПЕТЕРС, ЖҮРГІЗУШІ:

Өзіңізге белгілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық көмектің қолжетімді болуын тапсырды. Сондықтан тұрғындарды алаңдатқан мәселе- реттеледі- деп сенеміз. Рахымжан Сапарбекұлы, жауабыңызға рахмет. Құрметті көрермен! Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауап іздейміз. Ал егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео не аудио материал жолдаңыз!

Ғ. Өтемісов