$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тараз әкімі қызметінен босатылды

AstanaTV
21.11.2019ж. 20:00
3015
Тараз әкімі қызметінен босатылды

Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жариялады. Мемлекет басшысы желідегі жазбасында «Жамбыл облысы әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жүйелі кемшіліктер жібергені үшін қала әкімін қызметтен босатуды тапсырдым» деген. Ал, осы оқиғаға байланысты облыс әкіміне де ескерту жасағанын жазды. Өткен жұмада №6 мектептің сырттағы әжетханасында 7 сынып оқушысы азғынның қолынан қорлық көрген еді. Жаға ұстатқан жағдайдан соң бас-аяғы 11 адам қызметінен қуылды. Олардың қатарында Білім басқармасы басшысы, мектеп директоры мен бірнеше мұғалімдер бар. Бұрын екі рет сотты болған азғын қазір қамауда отыр. Ал, азапталған оқушы ауруханада жатыр.