Абырой болғанда, зардап шеккендер арасында балалар жоқ екен. Бала демекші, Таразда мектеп әжетханасындағы оқушы зорлығынан кейін жауаптыларды жұмыстан шығару әлі де жалғасып жатыр. Сұмдық жағдайдың салқыны тәртіп сақшыларына да тимей өтпеді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Тараз қалалық полиция Басқармасының бастығы Ардақ Мәдімаров қызметімен қоштасты. Ал облыстық полиция департаментінің бастығы жұмыстағы салғыртығы үшін ескерту алды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растағанымен әдетіне салып түсірілім уақытын бегілегенімен ақыры сұхбат бермеді. Еске салайық, Тараздағы №6 мектепте жетінші сынып оқушысы даладағы әжетханаға барамын деп азғынның қолына түсіп, зорлық көрген еді.