Жұмыс берушілер қызметкерлеріне ай сайынғы зейнетақы жарнасын аудару кезінде жиі қателеседі. Биылдың өзінде зейнетақы қорына ақшасы түспеген 30 мың азаматың арызы қаралған. Тиесілі сомма 6 млдр теңге. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет жиынында белгілі болды. Енді құзіретті органдар қандай да бір қателіктен аударылмай қалған қаржыны қайтарудың жаңа жобасын әзірлеп жатыр.
Темірхан ӘМІРОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОРТАЛЫҚ ФИЛАЛЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Аударымдарын жасап жатқан кезде куәліктерінде нөмірлерін дұрыс енгізбейді. Сол себептен оны жұмыс берушілердің өздері мемлекеттік корпорация арқылы қайта аударылған соммаларын қайта аударуға арыз жазады. Әлеуметтік аударымдар бойынша 33 мың арыз түсті, оның соммасы 4 млрд болады.
А. Асқарұлы