$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Nur Otan» партиясы жатақханадағы студенттер жағдайын тексереді

AstanaTV
27.01.2020ж. 20:00
3113
«Nur Otan» партиясы жатақханадағы студенттер жағдайын тексереді

Тобыл өңірінде студенттер жатақханасының құрылысы тоқтап тұр. Тіпті кейбір нысандардың әлі жобалық - сметалық құжаттамасы әзір емес. Аймақтарға ат басын тіреген партиялық бақылау қызметінің өкілдері өзге де өзекті мәселенің бар екеніне көз жеткізді. Қостанайдағы іргелі оқу орындарының бірі мемлекеттік педагогикалық университетте жалғыз жатақхана бар. Онда 480 студент тұрады. Қалғаны пәтер жалдап жүр. Ал университет аумағында салынып жатқан 4 жатақхананың қашан қолданысқа берілетіні белгісіз. Қазір құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Рудный шаһарында да студенттер үйінің мәселесі шешімін таппады. Жоспар бойынша индустриальдық инстиутқа тиесілі мына ескі нысан жаңғыртылып, жатақханаға айналуы тиіс еді. Алайда сметалық жоба түгілі, көне ғимараттың сараптамалық құжаттамасы дайын емес.

Айжан ЫСҚАҚОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:
 
Құрылыс тоқтап тұр.Сондықтан оның тоқтауында қандай мәселелер бар? Және партиямыздың да өз ұсыныстары бар ол жағдайларды шешу үшін. Өйткені республика бойынша талдау жасасақ әрбір аймақтардан бірдей жүйелі проблемалар келіп жатыр қайта-қайта.Инвестордың болмауы.Әкімшіліктің дұрыс қарамауы.Немесе университеттің тиісті құжат дайындамауы секілді.

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінен бастау алған тапсырма қалай орындалып жатқанын білу үшін партия мүшелері алып шаһардағы жатақханаларды аралап шықты. Алматыда соңғы жылдары 1700 орындық 5 ғимарат салынған. Бірақ жатақхана проблемасы әлі өзекті. Әкімдіктің мәліметіне сай 27 мың студент тұрғын үйге мұқтаж. Жергілікті билік жер телімін бөліп, коммуникация өткізіп беруге дайын.Университет басшылығы инвестор тапса болғаны."Nur Otan" партиясы жұмыс тобының мүшелері жаңа жатақханалардың да кемшіліктерін анықтады. Студенттер үйінің көбісіне жөндеу жүргізу қажет. Бірақ басты мәселе-жатақхананың жоғары бағасы.

Бибінұр БАЙЖІГІТҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жөндеу жұмыстары жүргізілсе де дұрыс жүргізілмеген, құрал-жабдықтары дұрыс емес, студенттердің жағдайы толығымен жасалмаған, кіп-кішкентай бөлмеде алты адам жатыр деген сияқты жағдайлар көп кездеседі. Төменгі баға 50 мың теңге болды. Ал енді одан жоғары бағаны қарастыру керек. Себебі студент егер өзінің алып жатқан степендиясының 50 пайызынан жоғары бағаны жатаханасына төлейтін болса, ары қарай оның күн көрісі қиын болады.

З. Санай