Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Арақ ішіп автокөлік тізгіндейтіндер азаймақ емес

AstanaTV
03.02.2020ж. 20:00
2379
Арақ ішіп автокөлік тізгіндейтіндер азаймақ емес

Қостанайда көлікті мас күйінде тізгендегендер азаймай тұр. Бір айда 72 адам жауапқа тартылып, 15-і тәулікке қамалған. Абырой болғанда қаза тапқан адамдар жоқ. Полицейлердің айтуынша, жұрт заңның қатаңдатылғанын хабарсыз. Сондықтан партульдік қызмет күшейтілген.

Соңғы екі күннің ішінде аймақтағы уақытша қамау абақтыларына 21 адам жеткізілген. Қаладағы изоляторға 7 жүргізуші қамалыпты. Әкімшілік жазаға іліккендер арасында облысқа танымал әнші, жеке кәсіпкер мен қарапайым қала тұрғындары, құзырлы органның бұрынғы қызметкерлері де бар.

Қамауға алынғандардың үшеуіне қылмыстық іс қозғалды. Олар бұған дейін жүргізуші куәлігінен айрылғандар. Соған қарамастан мас күйінде көлік басқарған көрінеді. Енді олар сот шешімімен қомақты айыппұл төлейді. Қоғамдық жұмыстарға тартылады. Немесе 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Құрмет МӘЖІКЕНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Қостанай облысының тұрғындары осы заңның қатайғанын әлі дұрыс білмей отыр.Ең бірінші жағдай сол деп олаймын. Қала бойынша 7 жүргізуші ұсталды. Алтауын біз әкімшілік қамаған кезде олар таң қалды. Алтауы да білмейді екен заңның қатайғанын.

Рейдтік-шараға облыс бойынша жүз жиырмаға жуық автопатруль экипажы жұмылдырылған. Күшейтілген тәртіпке көшкен полицейлерге еріктілерде қол ұшын беріп жатқан көрінеді. Бірлескен топ әкімшілік кодекстің 608 бабы 1 бөліміне өзгеріс енгізіліп, жазаның күшейтілгенін түсіндіруде.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Ақпаннан бастап аймақта «Мас жүргізуші-қылмыскер» атты жедел алдын-алу шарасы басталды. Рейд жарты жылға созылмақ. Мас күйінде тізгінге отыратындар азаймай тұрғандықтан, полицейлер тәулік бойы атқарылатын патрульдік қызметті екі есеге күшейткен.

З. Санай