Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Лотерея сөзін тек «Сәтті Жұлдыз» лотерея операторы ғана пайдалана алады

AstanaTV
05.02.2020ж. 20:00
2817
Лотерея сөзін тек «Сәтті Жұлдыз» лотерея операторы ғана пайдалана алады

Елде лотерея сөзі "заңдастырылмақ". Нақтырақ айтқанда бұл сөзді бұдан былай «Сәтті Жұлдыз» лотерея операторы ғана пайдалануға құқылы болуы мүмкін. Қалғандары, оның ішінде әлеуметтік желідегі блогерлер ұтыс ойындарын жүргізе алмайды. Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген құжат Мәжілісте таныстырылды. Заңға бағынбағандарды қандай жаза күтеді? Думан Мұхаммедкәрім тарқатады.

Лотерея туралы Заң жобасы 2016 жылы ғана толықтырылған. Заң лотереяны құмар ойындар санатынан бөліп, көшеде қаптап тұрған автоматтардан ажыратқан еді.

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТІРІ:

Лотереяда. Лотерея операторы, лотерея қатысушылары енгізген ақшасын жинайды және кейіннен оларды осы қатысушылар арасында таратады. Барлығына емес. Сәттілік түскендерге. Сондай-ақ жиналған қаражаттың бір бөлігін елдегі спорттың дамуына бағыттайды.

Сөйтсек заң әлі де шикі екен. Төрт жылда жүгенсіз операторлар пайда болып, салық төлемей, пайдаға кенеліп жүрген көрінеді. Министр айтып отырған кедергілер - ол, эстрада әншілері, актерлер және блогерлер. Танымалдығын пайдаланған олар әлеуметтік желілер арқылы лотерея ойнатып, смартфоннан бастап, баспанаға дейін ұтысқа қойып жүр. Министірлік алдымен осыларды жүгендемекші. «Лотерея» сөзі енді жұлдыздар үшін тиым. Бір қызығы бұл ақпаратты министірлік «Сәтті Жұлдыз» лотерея операторынан алған. Талай министірді «сүзіп» үйренген Нұрлан Нығматуллин осы жерде Ақтоты Райымқұлованы сөзден ұстады.

Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бір минут. Қадап айтыңызшы. Бл фактілерді кім анықтайда және кім әкімшілік протоколдар толтырады? "Сәтті жұлдыз" ба?

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТІРІ:

Осы күнді мониторинг жүргізіп және оны анықтап отарған "Сәтті жұлдыз".

Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тоқтаңыз. Орынбасарыңыз Бисақаев бар ма? Ол мемлекеттік өкілетті орган жүргізеді деген. Сіз болсаңыз бұл іс акционерлік қоғамға жүктелген дейсіз... Сонда кім? Мұндай өкілет мемлекеттік органға берілген бе? Әлде акционерлік қоғамға ма?

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТІРІ:

Осы күнде бізде штаттық бірлік жеткіліксіз. Сондықтан біз қоғам есебі "Сәтті жұлдыз" мониторингіне жүгінеміз.

Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ол қаншалықты дұрыс?

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТІРІ:

Иә. Шыныдығында бұл бағытты жетілдіру жұмыстарын жүргізу керек.

Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тыңдаңыз. Сіз жауап беріңізші. Мемлекеттің атынан бұл фактілерді кім анықтап, әкімшілік проткол толтырады?

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТІРІ:

Бүгінгі күнде Заң бойынша ол өкілет Мәдениет және спорт министірлігіне берілген.

Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ақыры түсіндіңіз ау. Әйтпесе трибунада тұрып айтқаныңызді түсінбедік. Тен шошып кетті. Ол мемлекеттік құрылым емес. Оған ондай функиялар берілмейді.

Заң әзірге қабылданған жоқ. Дегенмен негізгі тетіктері белгілі. Ең бастысы айыппұл. Заңды бұзғандарға 200-ден 2 мың айлық есептік көрсеткіш түрінде айып пұл салынбақ. Бұл - министірдің сөзі.

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТІРІ:

Аааа. Вот. Я ответила да?

Д. Мұхаммедкәрім