Қызылордада еңбек дауы. Қазалы ауданындағы "Қазалы су сервис" кәсіпорнының жұмысшылары 4 айдан бері жалақы ала-алмай отыр. Редакциямызға хабарласқан аудан тұрғыны осылай деді. Ол мекеме басшысы ай сайын құрғақ уәдемен шектеледі деді. Жұмысы ауыр, айлығы аз тұрғындар әкімдікке де шағымданыпты, ол жақтан да мардымды жауап ала алмаған.
Кенжегүл МҮСІРӘЛИЕВА, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бірталай адам әкімшілікке арыз жазып барған. Барса басшының сөзін сөйлепті. Ноябрь, декабрь январь, февраль төрт ай болды бермей жатқанына. 59 мың ақша ғой. Бүкіл канализацияның суына қарап отырады.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Дәл қазір осы мәселеге жауапты «Қазалы су сервис» кәсіпорнының бас инжинері Әзім Ешмұратпен хабарласып, мән-жайды анықтап көрейік. Қайырлы кеш, Әзім мырза! Сіз тікелей эфирдесіз! Жұмысшылардың еңбекақысы неге берілмей жатыр?
Әзім ЕШМҰРАТ, «ҚАЗАЛЫ СУ СЕРВИС» КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ИНЖИНЕРІ:
Ондай мәселе бар. Соңғы екі айдың айлығы берілмеді. Табиғи монополиялық тариф бойынша жұмыс істейміз. Төменгі жалақы мөлшері көтерілген соң, жалақы мөлшері қайта есептеліп, уақытылы төлей алмадық. Барлық шараларды ұйымдастырып, алдағы наурыз айына дейін төлеуге тырысамыз.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Хабарласқан көрерменіміз күн сайын 12 сағат жұмыс істейтіндерін, бірақ оның 10 сағатына ғана төленетінін айтты. Бұл еңбек шарты бойынша заңсыздық емес пе? Сіз не дейсіз?
Әзім ЕШМҰРАТ, «ҚАЗАЛЫ СУ СЕРВИС» КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ИНЖИНЕРІ:
Ал сағатты қысқартуға келсе, жұмысшыларды қысқартпау үшін осындай әрекетке барып отырмыз.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Сұхбатыңызға рақмет! Еске салайын бізбен тікелей эфирде байланыста болған Қызылорда облысы «Қазалы су сервис» кәсіпорнының бас инжинері Әзім Ешмұрат. Тұрғындардың мәселесі жақын арада шешіледі деп сенеміз. Біз де бұл жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экрандағы телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде бірге жауап іздейміз.
Ғ.Өтемісов