Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында атыс болып, бес адам жарақат алды

AstanaTV
24.02.2020ж. 20:00
4299
Ақтөбе облысының Хромтау ауданында атыс болып, бес адам жарақат алды

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында атыс болып, бес адам жарақат алды. Зардап шеккендердің біреуінің жағдайы ауыр. Оған аудандық ауруханада екі рет ота жасалған. Тілшіміз тарқатады.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Атыс түңгі онның шамасында Хромтау ауданында болған. 21-22 жастағы жас жігіттер қару атысып, бес адам жарақат алды. Олардың барлығы дереу Хромтау аудандық ауруханасына жеткізіліпті. Біреуіне дереу ота жасалған. 

Қалған төртеуі жедел жәрдеммен облыс орталығына жеткізілді. Біреуі Медицина орталығына, қалған үш адам жедел жәрдем ауруханасында емделуде. Науқастардың кеуде қуысына, ішіне және қолы мен аяғынан оқ тиген. Дәрігерлер олардың жағдайы қалыпты деп отыр.

Сәкен ҚАПАНОВ, АҚТӨБЕ қ. ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Үшеуі де қазір Травмотолгия бөлімшесінде жатыр. Түскен кезде жағдайлары орташа ауырлықта болды. Қазір ем алып жатыр. Екеуі 2-3 күнде үйге шығарылады. Біреуіне операция жасау керек болады. Сол жақ қолының буынына мылтық оғынан жарақат алған операция керек.

Бұл оқиғаға қатысты жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, үш жергілікті тұрғын ұсталған. Күдіктілер қылмысты жасырмақ болыпты. Олар екі 16 калибрлы аңшы мылтығын, Бөгетсай ауылы маңындағы Ор өзендегі көпірдің астына жасырған көрінеді.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Іздестіру шаралары барысында аталмыш екі шолақ мылтық және ВАЗ 2114  Ресей елінде есепте тұрған автокөлік тәркіленді. Осы дерек бойынша қазіргі таңда ҚР ҚК 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.


Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Қазіргі таңда қанды оқиғаның неден туғаны белгісіз. Мылтықтардың иесі де анықталу үстінде. Бірнеше сараптама тағайындалған. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Б. Рахметова