Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Елден қашқан жемқорлар Британия мен Швейцарияны паналап жүр

AstanaTV
25.02.2020ж. 20:00
2406
Елден қашқан жемқорлар Британия мен Швейцарияны паналап жүр

Алаяқтар мен жемқорлар осы күнге дейін шетелге 27 трлн теңге шығарып үлгеріпті. Бұл қаражат қаппен емес банктердегі ақша аударымдары арқылы жүзеге асқан. Бүгін сенаторлар мен қаржыгерлер бұған алаңдаушылық білдірді. Оған осқауыл қою жолдарын іздеді.  Думан Мұхаммедкәрім толықтарды.

Елді алдап ақша жинаған да билікті алдап ақша жымқырғанда қаражатты шетелге шығарудың сан алуан түрін біледі. Олар, қолданыстағы заңды айналып өтудің барлық тетігін әбден меңгерген. Алғашқылар 90-шы жылдары қашып үлгерді. Кейінгісі күні кеше ғана 6 млрд теңгемізді арқалап кетті.

Нұрлан ҚЫЛЫШБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бірінші рет емес. Сондықтан сол сұрақты біз сол үшін көтеріп отырмыз. Мен де сіздер сияқты сол сұрақты қойып, сол сұраққа жауап ала алмай жатырмыз. Олар өздері айтады, жазбаша түрде жауап берейік деп. Себебі олардың өздері мүмкін дайын емес шығар.

Қаржы министірлігі жанынан 2008 жылы Қаржы монторингі комитеті құрылған. Құрылымның жұмысы күдікті ақша аударымдарын анықтау және олардың жолын кесу. Келтірілген деректерге қарағанда Қазақстаннан ұрланған қаражаттың негізгі бөлігі Британия мен Швейцарияда ұшты-күйлі жоқ болып жүр.

Ғабит ЛЕСБЕКОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осыған сәйкес ақпараттар түсіп отырады. Бұған байланысты елімізде көп резонансты істер болды ғой. Әбілязовке байланысты Статиге байланысты. Соның бәрі біздің осы комитеті арқылы алынған.

Аталған комитеттің дерегінше, күдікті қаржылық аударымдар туралы ақпаратты бүкіл әлемдік қаржылық барлау құрылымдарынан алады. Расталған фактілер ішкі істер органдарына түседі. Комитетке осы күнге дейін күдікті аударымдарға қатысты 436 ақпарат түскен. Соның 4-і расталып іс сотқа жетті. Қалғандары зерттеліп жатыр. «Түйені түгімен жұтатындардан» «биені бүгімен жұтатындар да» қалыспайды. Олар осы күнде түрлі мобилді аударымдарды, онлайн әмияндарды пайдаланып талай елді зар қақсатып жүр. Осылармен алысуда комитет қауқарсыз. Өйткені, олардың аударымдарын тексере алмайды.

Ғабит ЛЕСБЕКОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Заңдастырсақ қана біз олардан талап ете аламыз. Бүгінгі күнде біз талап ете алмай отырмыз. Яғни, кім жіберіп жатыр? кімге жіберіп жатыр? деген қаражатты.

Арнайы Заң қабылданса талай алаяқтың жолы кесілетіні анық. Офшорларға ақша шығарып жүргендер арасында шенділердің болуы мүмкін бе?


Д. Мұхаммедкәрім