Қостанай облысында 24 жастағы бойжеткенді алып трактор басып кетті. Ауыр техниканың астында қалған аудан тұрғыны оқиға орнында жан тапсырған. Қайғылы жағдай кеше Сарыкөл ауданында болды. К-700 көлігін тізгіндеген жүргізуші, кешқұрым көшені қардан тазартып жүрген. 54 жастағы тракторшы бойжеткенді байқамай қалғанын айтқан. Алып техниканың астында қалған тұрғын ауыр жарақаттан көз жұмды. Полицейлер қылмыстық іс қозғаған, егер тракторшының кінәсі дәлелденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Жалпы жыл басынан бері облыста 32 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам мерт болып, 44-і жарақат алған.
Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
ҚР ҚК 345 бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Әзірге белгілі болғаны трактор жүргізушісі ешқандай ішімдік ішпеген.
З. Санай