$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Ақтөбеде жабық емдеу мекемесінде науқастар аштық жариялады

AstanaTV
02.03.2020ж. 20:00
2767
Ақтөбеде жабық емдеу мекемесінде науқастар аштық жариялады

Ақтөбеде есірткі мен ішімдіктен мәжбүрлеп емдеу орталығынан шу шықты. Жабық ауруханада алпыстан астам адам бүгін аштық жариялаған. Нәр татпай отырғандар өз талаптарын осылай жеткізуді жөн көрген. Бақыт Рахметованың репортажы.

Терезеден осылай мәлімдеме жасағандар құқығымыз тапталып отыр дейді. Айтуларынша төрт бірдей бөлімшенің науқастары аштық жариялаған. Нәр татпай отырғандар күзет қызметінен қысым көргендерін айтты.
 
Бұл емдеу орталығы жабық болғандықтан науқастардың жайымен танысуға мүмкіндік болмады. Белгілі болғандай кеше ғана бұл орталықта күзет қызметі ауысқан. Жаңа күзетшілер жұмысқа кіріскен бойда барлық тыйым салынған заттарды жинап алған көрінеді. Бөлмелерден 15 қолдан жасалған пышақ, ойын карталары тәркіленген. Бірақ ұрып-соғып, қысым көрсету болмады дейді олар.

Ақәділ ҚОДЫҚОВ, АҒА КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
 
Төбелес болған жоқ. Негізі біз келгенде барлығы мас. Арақ қай жақтан келді біз білмедік. Арақ ұшып келмейді. Біреулер әкеліп кіргезген. Значит бізге дейінгі күзет қызметінің бізге істеп кеткендері ма оны біз түсінбедік. Аштық жариялап жатыр. Тамағы апарылды, берілді. Өздері ішпейді.
 
Қазіргі таңда бұл емдеу орталығында 138 науқас емделуде. Барлығыда сот шешімімен нашақорлық пен маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде ем қабылдауда. Олардың тең жартысы таң атқалы нәр татпаған. Бас дәрігер науқастар ішкі тәркіпке бағынғысы келмей, осылай шу шығарып отыр деді.

Қыдырбек ӘБІШЕВ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЕМДЕУ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Нан кесетін, тамақ колбасасын кесіп жейтін пышақтар соның барлығын тартып алған мынау болмайды деп сонымен науқастар қырсыққан. Біз голодовка жариялаймыз деп. Мыналар заң бойынша былай істеу керек дейді. Сонымен екі аралықта осындай түсінбеушілік болып қалған ғой. Охранная фирма бізге ұнамайды дейді олай болмайды ғой. Заң барлығына бірдей.

Емдеу мекемесі мен күзет қызметі жағдайды реттеуді қолға алды. Олар қазір науқастармен келіссөздер жүргізуді бастап кеткен. Айта кетейік, жаңа күзет қызметімен келісім-шарт бір жылға жасалынған.

Б.Рахметова