$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Құрбысының құжаттарын ұрлап әкеткен алаяқ отыздан астам онлайн несие рәсімдеген

AstanaTV
03.03.2020ж. 20:00
2342
Құрбысының құжаттарын ұрлап әкеткен алаяқ отыздан астам онлайн несие рәсімдеген

Қостанай тұрғыны құрбысының құжаттарын ұрлап, оның атына отыздан астам онлайн несие рәсімдеген. Алаяқ анықталды. Полицейлер аймақта киберқылмыстың күшейіп келе жатқанына алаңдаулы. «Контрофакт» жедел алдын алу шарасы барысында 35 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Күдікті жасырын ақпарат алу мақсатында қолданылатын арнайы техникалық құралдарды заңсыз саудаға салған. Ол шағын камерасы бар қол сағатты сатпақ болған жерінен қолға түскен.

Сәбит ИБРАЙЫМОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 399 бабымен ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау,жасау,иемдену,өткізу немесе пайдалану көзделген сотқа дейінгі тергеу әрекеті жүргізілуде. Қазіргі уақытта сағат арнайы техникалық құралдарды тану үшін сараптамаға жіберілді.

Жыл басынан бері интернет арқылы жасалған 135 алаяқтық факті тіркелген.12 қылмыстық құқықбұзушылық анықталып, 9 адам ұсталды. Алаяқтар түрлі жолмен аймақ тұрғындарын арбайды. Арасында жақын таныстарының жеке куәлігін жымқырып, онлайн несие рәсімдегендер бар.

З. Санай