Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкентте аумақтық инспекция мамандары қауіпті зиянкеспен залалданған 64 тонна қиярды жойды

AstanaTV
10.03.2020ж. 20:00
3048
Шымкентте аумақтық инспекция мамандары қауіпті зиянкеспен залалданған 64 тонна қиярды жойды

Шымкенке Ираннан жеткізілген қиярдан аса қауіпті зиянкес табылды. Аумақтық инспекция мамандары шетелден импортталған көкөністің "батыс, гүл трипсімен" залалданғанын анықтаған. Бұл қандай зиянкес, одан келетін қауіп қандай? Әріптесім Айзада Төребекқызы анықтап көрді.

Үш бірдей жүк көлігіне тиелген қиярлар қала аумағына шығарылды. Арнайы қоқыс полигонына жеткізіліп, көкөністерді жерге көмді. Осылай олардың көзін жойып жатыр. Аумақтық инспекция өкілдерінің мәліметінше, қауіпті қиярлар Шымкент аумағына 24 ақпан күні әкелінген. Шетелден импортталған өнімнің жалпы салмағы 64 тоннадан асады.

Бұлай алдын алмаған жағдайда диһандар орасан зиян шегуі мүмкін деді. Аумақтық инспекциядағылардың білуінше өнімділік ол кезде 70 пайызға дейін төмендейді. 

Ибрагим БЕГАСЫЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ:

Бұл жөнінде талаптарға сәйкес хаттама толтырылған болатын. Барлық құжаттар сот органдарына өткізілді. Сот органы нәтижесінде қаулының негізінде ол кәсіпкерге «EVIN PLASTIK» жеке кәсіпкеріне 79 мың 530 теңге айыппұл салынған болатын және де тәркілеу, оны жою жөнінде шешім шығарылды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар, қауіпті өнімді қиярдың сыртқы белгілеріне қарап-ақ байқаған.  Зертханалық тексеру нәтижесінде қауіп расталған. Десе де батыс гүл трипсінің адам ағзасына зияндығы жоқ, дейді олар. Қиярды қоқыста тастаған жағдайда, өте майда шыбын тәріздес зиянкестер зиянкестер қоршаған ортаға таралып кету қаупін тудырған. 

Жасұлан ҚАЛЫБАЙҰЛЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КАРАНТИНДІК ЗЕРТХАНА БАСШЫСЫ:

Бұл батыстың гүл трипсі Қазақстанда мүлдем тіркелмеген, Қазақстанда жоқ карантиндік нысан. Бұл 300-ге жуық ауыл шаруашылық өнімдерін жояды және бұл жерде короновируске қатысы жоқ бұның. Батыстың гүл трипсі өте майда шыбын. Бұл ауыл шаруашылық өнімдеріне қияр, теплицалық, капуста өнімдеріне, гүлдің өнімдеріне өте зиян.

Қауіпті қиярды жою жұмыстары, шеттен алдырған кәсіпкер есебінен жүргізілді. Шығын көлімін белгісіз. Айта кетейін, аумақтық инспекция тарапынан кәсіпкерлерге салынған бұл биылға алғашқы айыппұл емес екен.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жыл басынан бері Шымкентте фитосанитарлық талаптарға сай келмеген кәсіпкерлерге 1 млн 200 теңге айыппұл салынып үлгеріпті.

Заңбұзушылықтар сырттан импортталатын өнімдердің инспекция талабына сәйкес келмеуі, негізінен арнайы таңбалары мен сертификаты болмауы сынды кемшіліктер.

А. Төребекқызы