Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

birgemiz2020.kz сайты ашылды

AstanaTV
02.04.2020ж. 20:00
2713
birgemiz2020.kz сайты ашылды

«Birgemiz» қоғамдық қорына қанша ақша түсті, ол қалай жұмсалып жатыр? Бұл сұраққа енді әр азамат жаңадан ашылған birgemiz2020.kz порталынан жауап ала алады. Сайт бірнеше айдарға бөлінген. «Қайырымдылық жасаушылар мен серіктестер» бетінде:  түскен қаржы көлемі және кәсіпорындардың аударған соммасын көруге болады. Ал, «Есептер» айдарында халыққа көрсетілген көмек туралы хабарланып отырмақ. Сайтты, ерікті IT мамандар, тегін әзірлепті. Айта кетейін, «Birgemiz» қоғамдық қоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Мақсат: COVID-19 пандемиясы жағдайында, әлеуметтің әлсіз топтарына қол ұшын беру.

Д. Мұхаммедкәрім