$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету дайындығы пысықталды

AstanaTV
03.04.2020ж. 20:00
2056
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету дайындығы пысықталды

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету дайындығын пысықталды. Өңір басшылары Елбасына коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, көктемгі егістік науқанының жұмыс барасын баяндады. Су тасқыны қаупі бар аймақтағы жағдайдың да жай-күйі айтылды. Тұңғыш Президент төтенше жағдай кезінде адамдардың қауіпсіздін қамтамасыз етуді және мұқтаж адамдардың барлығына көмек беруді тапсырды. 

А. Мүтәлі