Бүгін мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы басталды. Аллаға құлшылық етіп, сәждеге бас қойған жамағатты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Ел Президенті биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын, сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға көпшілікті шақырды.
Сонымен қатар пандемияның кесірінен қасиетті айда да бірқатар шектеулер енгізілді. 1400 жылда алғаш рет Меккедегі Үлкен мешіт пен Мединедегі Пайғамбар мешіті жабылды. Енді мұнда тек дін өкілдері, қауіпсіздік қызметі және ғимаратты тазалаушылар ғана кіре алады. Бірақ осы қиындықтарға қарамастан, дін өкілдері: мейірімдік, ынтымақ, кеселден арылу үшін күллі әлемдегі мұсылман қауымын дұға етуге шақырады.
Е. Карин