$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақмола облысының бүтін бір ауданын шыбын-шіркей басты

AstanaTV
27.05.2020ж. 20:00
3739
Ақмола облысының бүтін бір ауданын шыбын-шіркей басты

Ақмола облысына қарасты Қорғалжын ауданын түгелдей шіркей басқан. "Күн жылығалы бері мазамыз қашты", деген тұрғындар арнамызға хабарласып көмек сұрады. Айтуларынша, шыбын-шіркей биыл бірінші рет мазалап тұрған жоқ. Жылдағы жыр осы. Алайда, аудан басшылығы тарапынан мардымды жауап, тиянақы жұмыс болмаған. Арнамызға телефон соғып көмек сұраған көрермен базынасына құлақ түрейік.

Ерлан, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Балаларды есік алдына таза ауаға шығару мүмкіндігінің жоқ. Балабақшаға апарғанша балаларды шағып тастауы, құс асырап, бау-бақша өсіріп, баптаудың мүмкін еместігі, жалпы халық далада емін-еркін шаруаларын жасап жүруі мүмкін болмай отыр. Ешбір шара қолданылмауы халықты қынжылтады. Халықтың шыдамы таусылды. Жедел шешім қабылдап, мәселені шешуді сұраймыз.


Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін Қорғалжын ауданының атқамінерлеріне хабарластық. Қазір бізбен Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Амангелдинов байланыста екен. Қайырлы кеш, Мадияр Серікұлы! Сіз тікелей эфирдесіз. Өзіңіз естігендей шыбын-шіркейдің мәселесі бірнеше жылдан бері шешімін таппапты. 8000 тұрғын аз емес. Нақты қадамдарыңыз қандай?

Мадияр АМАНГЕЛДИНОВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Сәлеметсіз бе? Қорғалжын ауданында иә, шіркейдің мәселесі жасыратын емес шіркейдің мәселесі соңғы жылдары қозғалып келе жатыр. Осы Қорғалжын ауданы өткен жылы 2019 жылы Қорғалжын ауданы әкімінің бастамасымен облыстық СЭС мамандарының шақыруымен отряд құрылған болатын. Осы отряд Қорғалжын ауданына арнайы сапармен келіп осы шіркейдің мәселелерін зерттеген болатын. Осы зерттеудің қорытындысы ретінде 8 түрлі шіркейді анықтады. Қорғалжын ауданында осы 8 түрлі шіркей бар. Жоспар бойынша шіркейлер Нұра өзенінен келеде деген болжам бар.

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Тұрғындардың сөзінше, жәндіктерді зерттеуге Семей Университетінен мамандар келеді деп айтқан екенсіздер. Бұған не кедергі? Сол шыбын-шіркей өзіңізде де талап жатқан шығар?!

Мадияр АМАНГЕЛДИНОВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Иә, біз Семей мамандарын шақыруға талпынып отырмыз. Осы қазіргі таңда осы Семей мамандарын Ш.Құдайбердіұлы университетімен келісіп шақырай дегенбіз. Қазір карантиндік шараларға байланысты ол кісілердің біздің жаққа келуге мүмкіндіктері болмай тұр. Осы карантин мерзімі қалай аяқталады, солай олар біздің елге келіп шіркейлердің қалай улау керектігін айтып, жоспар құрып беретін болады.

Жақсы, сұхбатыңызға рақмет! Бізбен тікелей эфирде байланыста болған Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Амангелдинов.
Хабарласқан тұрғындар сауалына жауап алды деп ойлаймыз. Бұл мәселені тілшілеріміз өз бақылауында ұстайды. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын тікелей эфирде іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

А. Данияр